El іshі

Ел бірлігі еселеп артуда

Қарасаз ауылдық округінің ардагерлер ұйымын ауылдың береке-бірлігінің бесігі десек артық айтқандық болмас. Өйткені, бұл ұйым ауылдағы ауызбіршіліктің ұйытқысы, тәрбие, өнеге мектебі. Ардақты ардагерлердің ауылымыздың өсіп-өркендеуі, ізгілікті ұрпақ тәрбиелеуі үшін қосып отырған үлестерін ешкім жоққа шығара алмас. Себебі, «Қарты бар үй – қазыналы» деген халық даналығы. Өмірдің түрлі кезеңдерін бастан кешіп, тәжірибе жинақтаған ардагерлер керегінде ақыл-кеңесші, қажетті жерінде жас ұрпақ тәрбиешісі бола білуде.
Ардагерлер үнемі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, еліміздегі болып жатқан жайттарға бей-жай қарамайды. Оның бір дәлелі ретінде елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты жасаған қайырымдылық шарасын атап өтуге болады. Шарада ауылдық округтің ардагерлері мен «Аналар алқасының» төрайымдары мен тұрғындардың басын біріктіріп, ауызбіршілігіміздің нығая түсуіне септігін тигізді. Ардагерлердің ұйымдастыруымен шара барысында жалғыз басты, көпбалалы аналарға, күнкөріс деңгейі төмен 18 отбасыға арнап қажетті азық-түлікті таратты.
Төтенше жағдай мерзімінде үйде бос отырмай, азық-түлігі азайған ағайынға қол ұшын беруді жөн көрген округ ақсақалдарымызға мың алғыс.

Қарасаз ауылдық округі
әкімінің аппараты

 

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев және ел Президенті Қ.Тоқаев пен Үкімет тарапынан бүгінгі күні коронавирус індетінің таралуымен күресу мақсатында іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақыру туралы үндеу жасады. Осы ретте, Қошқарата ауылдық округінің әкімі Жәнібек Мырзалиев барлық азаматтарды Мемлекет басшысының үндеуіне нақты әрекеттермен жауап беруге және осындай қиын сәтте көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға шақырды. Қошқарата ауылдық округі әкімінің аппараты демеушілік көрсетуге ниет білдірген азаматтармен округтегі әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға, көпбалалы отбасыларға, қарияларға азық-түлік пакетін тарату бойынша «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Ауылдың 1993 жылы туған азаматтары алдыңғы буынғы ағалардың игі іс эстафетасын жалғастырып, қайырымдылық акциясына демеушілік көрсетті. Акция аясында көпбалалы, жалғызбасты аналарға, қариялар және мүмкіндігі шектеулі жандарға, яғни 10 отбасына азық-түліктей көмек берді. Сонымен қатар, игі шараға өз үлесін қосқан апамыз Нұржамал Өмірәлиева 100 отбасыға қорғаныш бетперделерін тігіп берді.
Акция нәтижесінде тұрғындар мемлекет тарапынан қабылданған шаралар мен халықты қолдауға бағытталған акцияларға алғысын білдіріп, түсіністік танытатындарын айтты.
Руслан Назарбеков,
Қошқарата ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close