El іshі

үш отбасына көмек көрсетті

Қайырымдылық адам бойындағы ең ізгілікті қасиеттің бірі. Әрі қайырымдылық жасау – сауапты іс. Сонымен қатар, айналаңдағы көмекке мұқтаж жандарға қиын қыстау-кезеңдерде қол ұшын созу адамдықтың белгісі. Мұндай сауапты істерді адам шынайы көңілмен, кең пейілмен жасағаны абзалырақ. Қазақ халқының бойындағы осындай жақсы қасиеттер дәл бүгінгі күні, яғни елімізде енгізілген төтенше жағдай режімінде айқын көрініс табуда. Себебі, көптеген көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасалып жатқанынан хабардар болып отырмыз.

Осындай ізгі бастаманы өткен аптада мереке қарсаңында аудандық пробация қызметінің қызметкерлері жалғап, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Пробация қызметінің қызметкерлері ұйымшылдық танытып, есепте тұрған азаматтардың тұрмыстық жағдайын ескере отырып, ізгілікті іс жасады.
Жалпы аудандық пробация қызметі инспекторларының мәліметінше, есепте 60-қа жуық азамат тұрады.
Шара барысында есепте тұрған азаматтың бірі шақпақаталық бір отбасыға арнайы барып, азық-түліктей көмек көрсетілді.
– Біз сіздерге бірге екенімізді танытуға келіп отырмыз. Әсіресе, дәл осындай қиын сәттерде. Шын көңілмен жасалған сауапты ісімізді қабыл алыңыздар. Ең бастысы деніміз сау, жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын, – деді аудандық пробация қызметінің бастығы Қуат Сарғалтақов.
Ал келесі күні аудандық пробация қызметінің бастығы Қуат Сарғалтақов, аға инспектор Жазира Нұрсейітова және инспектор Ермұхан Иманбердиев Б.Момышұлы және Көлбастау ауылының есепте тұрған тұрғындарына, яғни отбасына дәл осындай көмек көрсетті. Жалпы шара барысында аудандық пробация қызметі үш отбасыға қайырымдылық жасады.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close