El іshі

Депутаттармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Борисюк Оксана Валериевна жақында аудандық «Достық» мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Оксана Валериевна Тараз қаласының төл тумасы. Облыстағы іргелі оқу орнының бірі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін неміс тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және 2004 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша үздік бітірген. Еңбек жолы спортшы болып басталып, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысына дейін жеткен. Еңбек өтілі – 24 жыл, оның ішінде үздіксіз мемлекеттік қызметте 19 жыл абыройлы қызмет атқаруда. Спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997 жылғы әлем Біріншілігінің қола жүлдегері және 1998 жылғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Басты бағыты – отандастарымен бірлесе абыройлы қызмет атқару.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттығына үміткер О.Валериевна «Ел мүддесі үшін жеті қадам» атты жеті бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасын ұсынып отыр. Яғни, ең бірінші ретте бұқаралық спортты дамытуды қолға алмашқы. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламасының бағыттарының бірі кәсіпкерлерді қолдау, туризмді дамыту, білім сапасын арттыру, жастардың бастамасын және мәдениет саласын қолдау, халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту.
Депутаттармен кездесуде О.Валериевна депутаттарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өткен соң, депутаттар өз тараптарынан сауалдарын жолдады.
Мәселен, аудандық мәслихаттың депутаты Сейітхан Жұмашев білім саласындағы биылғы өзгерістер, яғни «Онлайн оқыту жүйесі білім сапасын төмендетуі мүмкін бе?» деген сұрағын қойды. Сонымен қатар, ол «мұндай оқу жүйесі әсіресе жаңадан мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларының білім сапасына кері әсер етуі мүмкін» деген пікірін жеткізді.
Депутттардан түскен сұрақтарға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Оксана Валериевна тұщымды жауабын берді.

Таңдаулы материалдар

Close