El іshі

Бала – біздің болашағымыз!

Халықаралық Балаларды қорғау күні – л балаларымызды қорғаудың маңыздылығын, олардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтарына және көңіл күйлеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Біз балаларды қауіпсіз және сүйіспеншілікке толы ортада тәрбиелеу мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жауаптымыз.
Осыған орай аудан орталығындағы «Аягүл» бөбекжай-балабақшасында концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекелік іс-шараны балабақша меңгерушісінің м.а. М.Дошанаева ашты. Мерекелік кеште «Кукла барби» биін «Балдәурен» тобы, «Зонтик» биін, «Ботақан» тобының қыздары биледі. «Болашақ» тобы хор орындады. Мәруәр Қалданның орындауында «Балабақша арайлым» әні, Төлеген Ержанның орындауында «Қимай тұрмын» әні шырқалды.
Балалар әртүрлі тақпақтар айтты. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бүлдіршіндер ата-аналарға өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерлі бүлдіршіндер іс-шарада өз өнерлерімен жиналған қауымның ықыласына бөленді. Балалар – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Барша балаларды шын жүректен мерекелерімен құттықтаймыз! Әрқашан да балалардың жолы ашық, дендері сау болсын! Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!
Гүлжан ИСМАИЛОВА,
«Аягүл» бөбекжай-балабақшасы әдіскерінің м.у.а

Таңдаулы материалдар

Close