Basty bet

ҰБТ, лагерь… Уақыт талабы

Елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталғанымен мектептерде қашықтықтан оқыту әлі де жалғастырылуда.
Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелері Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №177 бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттау 9,11 сынып бітірушілері емтихандарын биыл тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі. Ауданымыздағы 29 мектептің 8 мектебінен 27 бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісіне және 15 мектептен 46 бітіруші «Үздік» аттестатқа үміткер болуда. 11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 2020 жылдың 3-4 маусым күндері өткізіледі.
Ауданымызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2020 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығындағы өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес 11 сыныбы бар 29 орта мектепте (Жамбыл ат. ОМ 11 сынып жоқ) 11 сыныптарда 719 оқушы (оның ішінде қазақ бөлімінде – 697 оқушы, орыс бөлімінде – 22 оқушы) оқу жылын аяқтауда. Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында онлайн (447 оқушы) және дәстүрлі түрде (237 оқушы) жалпы 684 оқушы өтініш білдіріп, қатысу пайызы мектеп бітірушілердің 95,1% құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына» сәйкес өткізіледі. ҰБТ–ға дайындық жұмыстары негізінде онлайн тест www.testcenter.kz, Мектеп бірітуші түлектер Daryn.online, BilimLand, iTest бағдарламалары арқылы онлайн түрінде сынама тесттер тапсырып, өз білімдерін сынауда.
Білім бөліміне қарасты 39 орта білім беру мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша қала сыртындағы лагерьге 400 бала қамтылады.
Қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне аудандық бюджет есебінен 11600,0 мың теңге жоспарланды. Оған 400 бала қамтылады. Бір күндігі 2417 теңгеден айналады. Баланың қала сыртында сауықтырылуы 3,8 % қамтиды. Оның ішінде: жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылыққа алынған және патронаттағы балалар – 43 (100%); аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары – 327 (100%); оқу үздіктері мен түрлі байқау жеңімпаздары – 30.
Аудандық бірыңғай ұйымдастырушы арқылы ашық конкурс өткізіліп, құны 9114,0 мың теңгеге «Миразов Б.Р» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз ретінде анықталып отыр.

Гүлсім Сыпатаева,
аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысының м.а

Таңдаулы материалдар

Close