Basty bet

Мемлекеттік қызметшілер мәдениетінің деңгейі қайтсе артады?

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – бұл, ең алдымен, мінез-құлық кодексін қамтитын әдеп қағидаттары мен нормаларын білдіретін моралдық талаптар. Ол өз кезегінде қоғамның өркениет деңгейін, әлеуметтік сананың мазмұнын, руханилықтың даму деңгейін және қоғамда өмір сүретін тұлғаның адамгершілігін бейнелейтін, оның мәні мен құндылықтарына деген қатынасын қалыптастыратын, адам тұлғасының көзқарастарын, ерекшеліктерін анықтайтын бірқатар қажетті параметрлерге тән міндеттемелер.
Олардың кейбіреулерін келтіре кететін болсақ: парасаттылық (адалдық, моральға жат, қоғамға жат әрекеттерге қабілетсіздігі); қоғамдық-саяси өмір стандарттарын мүлтіксіз сақтау; қаржылық мүддеден тәуелсіздік; жауапкершілік; ашықтық; жанқиярлық; кәсіпқойлық; абырой; ар-ұждан; әділеттілік; патриоттылық, төзімділік және әділдік.
Қазақстан Республикасында әдептілік қағидаттары мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінде көзделген. Қағидалар әдеп нормаларында нақты көрсетілген, бұл мемлекеттік қызметшілерге қойылатын адамгершілік талаптардың нысаны болып табылады.
Қызметкерлерді басқару объектісі ретінде ұжымдағы қызметкерлердің адамгершілік өзара қарым-қатынастары мінез-құлықтың сабырлы әрі жағымды жағынан көрінуі тиіс: ұйымдастыру мәдениетінің құндылықтары, «корпоративтік рух» және ұйымның адамгершілік бейнесін қалыптастыру; мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін және оны іске асырудың тиімді тетігін әзірлеу; ұжымдағы барлық мүшелердің мүдделерін білдіретін шығармашылық ахуал құру; адамдарды жетілдіруге ықпал ететін әрбір қызметкердің жоғары адамгершілік қасиеттерін дамытуды ынталандыратын шараларды әзірлеу. Осының барлығы маңызды.
Лауазымды адамның моралі, оның жақсылық пен зұлымдық туралы өз ойын, оның жеке ар-ұжданына негізделе алмайды, ол қоғамдық қажеттіліктермен де анықталады. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде әдеп стандарттарын мемлекеттік қызметші міндетті түрде қолдану қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының қажетті әдептілік деңгейін қалыптастыру мен дамытудың пәрменді бақылау тетіктерінің бірі ар-намыс соттары, әкімшілік комиссиялар, әдеп жөніндегі комиссиялар және корпоративтік соттар сияқты арнайы бақылау органдары болып табылады, олар мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік қылықтарын бағалайды және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдептілік мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында, әдеп және мінез-құлық мәдениеті бойынша білім беру, пәндерін мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың оқу жоспарларына енгізу қажет деп санаймын.
Бүгінгі күні халық алдында билік құрылымдарының беделін қалпына келтіре отырып, мемлекеттік қызметшілермен үнемі өткізілетін семинарлар мен тренингтер аясында біз мемлекеттік билік органдарында моралдық көріністерге төзбеушілік ахуалын құруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Мемлекеттік қызметшінің жоғары моральдық тұлғасын қалыптастыру – тұтас алғанда бүкіл биліктің жұмыс істеу тиімділігін арттырудың маңызды міндеттерінің бірі.
Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілерімен соңғы семинар сабағы барысында сот қызметкерлерімен жұмыс тәжірибесі бар маман – психолог Алмаз Махажанов арнайы шақырылды. Бұл жолы ол қатысушыларға қақтығыстар, олардың түрлері, себептері мен шешу жолдары туралы айтып берді.
Түсіндіру әңгімесінен кейін ол мемлекеттік қызметшілерге сауалнама тестінен өтуді ұсынды, оның нәтижелері бойынша әркім өзінің мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін және өзінің мінезінде бәсекелестіктің, ынтымақтастықтың, ымыраластықтың, қашудың және бейімделудің басым деңгейін анықтай алды. Психолог мамандарға алынған нәтижелерді талдап, өз-өзіне жұмысты бастауға кеңес берді.
Мемлекеттік-қызметтік қарым-қатынас әдебі кең мағынада іс жүзінде тәрбиелік және реттелетін күш болып табылады. Осы қарым-қатынастарға қатысушылардың адамгершілік санасын сыни талдау арқылы нақты жұмыс істеледі және қолданыстағы құқықтық және моральдық қасиеттердің сәйкестік дәрежесі анықталады.

Гузаль ТҰРДЫЕВА,
Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары.
Әдеп жөніндегі уәкіл

Таңдаулы материалдар

Close