Basty bet

Өңірде діни ахуал тұрақты

Қарасаз ауылдық округінде дін саласындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.

Қарасаз ауылдық округінде «Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы» республикалық діни бірлестігінің филиалы ретінде бір мешіт (Қарасаз мешіті) тіркеуден өтіп, жұмыс атқаруда. Мешіт имамы арнайы курстардан өткен. Мешіт бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.
Округте діни ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық түсіндіру тобы бес адамнан құрылып, іс-шаралар жоспары жасалып бекітілген. Топ мүшелері учаскелік полиция инспекторы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, психолог, тәрбие жөніндегі орынбасарымен қамтылған. Ақпараттық түсіндіру тобы округтегі түсіндіру жұмыстарында ауыл тұрғындары және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек, кәсіпкерлер, жұмыссыздар, жастар қамтылған.
Округте орналасқан әлеуметтік маңызды нысандарға, мекемелерге кәсіпорындарға мереке күндері тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Округ бойынша діни ахуал қалыпты.
Дін саласындағы жұмыстар «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және бойынша терроризмнің алдын-алу, жат бағытты ұстанушы радикалды діни ағымдар мен секталарға тосқауыл қою мақсатында, діни насихаттық топ желілік кестеге және жоспарға сәйкес тұрғындармен кеңінен насихат жұмыстарын жүргізуде.
Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына дін саласына қатысты мақалалар жариялануда. Ауылдық округтегі діни ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің өткізген іс-шараларына қатысушы азаматтарға және баяндамашылардың жасаған баяндамалары қадағалануда. Округтегі мешітте атқарылып отырған жұмыстар мен айтылатын пәтуалардың мазмұнына тұрақты түрде жұмыс тобының мүшелері мен және жауапты маманмен мониторинг жүргізіліп тұрады.
«Қарасаз» мешітінде Асқар Назарбеков имам болып жұмыс атқарады.
Округте дін саласында өткізілген іс-шаралар: 2020 жылы 28 қаңтар күні Қарасаз ауылдық округінің Діни ақпараттық түсіндіру топтың округтегі елді мекендеріне шығу іс-шара жоспарына сәйкес Көктас ауылы тұрғындарымен «Қазақстан Республикасы Дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіру және «Зайырлы ел – қайырлы ел» тақырыбында кездесу өткізілді.
Округте орналасқан әлеуметтік маңызды нысандарға, мекемелерге кәсіпорындарға мереке күндері тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылуда. Округ бойынша діни ахуал қалыпты.

Бауыржан ТОЙШЫБЕКОВ,
Қарасаз ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close