Basty bet
Көшеде маскасыз жүруге болмайды
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық жедел штабтың отырысы өті. Отырысты штаб төрағасы, аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы ашып, жүргізіп отырды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық жедел штабтың отырысы өті. Отырысты штаб төрағасы, аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы ашып, жүргізіп отырды.
Отырыс барысында ауданда карантиндік режімді түсіндіру және санитариялық талаптарды сақтауды қадағалау жөніндегі комиссия құрылатындығы айтылды.
-Елімізде төтенше жағдай алынып тасталғанымен, карантиндік шаралар жалғасуда. Демек, әр адам өзінің, отбасының, ағайын-туысының денсаулығы үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет. Сақтық шараларын әркім өзінен бастауы тиіс.
Елімізде бас санитариялық дәрігері бекіткен қаулыға сәйкес, өңірде карантин режімі біршама жеңілдетілгені анық. Осыдан кейін базарларда, көшеде, дүкендерде маскасыз жүрген халықтың қарасы көбейіп кетті. Бұлай арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі, облысымыз науқастардың тіркелу көрсеткішінің көбеюі бойынша еліміздегі 8 облыстың қатарына кіріп отыр. Бұл көңіл көншітерлік жағдай емес. Өте сақ болуымыз керек.
Бүгінгі таңда аудандағы 62 кәсіпкерлік нысанның 44-і іске қосылды. Алайда оларда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың талаптары қаншалықты өз деңгейінде сақталуда? Құрылған комиссия құрамы осы мәселелерді қатаң бақылауы қажет. Қоғамдық бақылауды да күшейту керек,- деді аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы.
Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Марат Искаков аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша баяндады.
Ауданда кәсіпкерлік нысандар ғана емес, барлық мемлекеттік мекемелерде де сақтық шаралары қатаң сақталуда. Яғни, маскасыз еш жерге кіруге рұқсат жоқ. Барлық мекемеге «Жасыл Ел-Жуалы» мекемесі арқылы жеткілікті көлемде антисептикалық сұйықтықтар таратып берілді.
Бүгінгі таңдағы басты мәселе көшеде, қоғамдық орындарда маска киіп жүру және адамдармен талапқа сай арақашықтықты сақтау, үй болсын, мекеме болсын дезинфекциялық жұмыстарды жиі жүргізу. «Сақтанғанды сақтаймын» деген. Ауырып, әлек болмау үшін сақтанып жүрейік.
Перизат Шымыртайқызы,
«Жаңа өмір»