Basty bet

Карантин режімін бұзудың алдын алу, бұзған тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-қимылдар АЛГОРИТМІ

1. Карантиндік шектеулерді бұзудың алдын алу.
1.1 Аймақтарда құрылған мобильдік топтардың қолданыстағы заңнаманы түсіндіре отырып, тұрақты рейдтік іс-шараларды іске асыруы.
1.2 Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың тұрғындар арасында қолданыстағы шектеулер және оларды орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі.
1.3 Уәкілетті және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мобильдік топтардың тиісті шаралар қолдана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жалған және арандатушылық ақпараттарды уақтылы анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізуі.
1.4 Уәкілетті және құқық қорғау органдарының, сонымен бірге мобильдік топтардың тиісті меморгандарды сенімсіз және арандатушылық ақпаратты жедел теріске шығаруға бағдарлауы.
1.5 call-орталықтар, сайттар мен басқа ақпарат көздерінің халықты және бизнес объектілерін толғанды оратын мәселелер жөнінде жедел ақпарат алу жұмысын ұйымдастыру.
2. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі іс-қимылдардың тәртібі.
2.2 Әкімдіктер жанындағы жедел штабтар тұрақты негізде жұмысын жақын арада бастауға құқылы (жұмыс істеу режімін көрсетіп), сонымен бірге қызметіне тыйым салынған ұйымдардың тізімдерін әзірлейтін және уәкілетті және құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мобильдік топтарға ұсынатын болсын.
2.3 Уәкілетті және құқық қорғау органдары, сондай-ақ мобильдік топтар тұрақты негізде эпидемияға қарсы режім талаптарының (әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитариялық дезинфекциялауды күшейту) сақталуына мониторинг жүргізіп отыратын болсын:
– жекелеген объектілердің (сауда-көңіл көтеру орталықтары, кинотеатрлар, театрлар және т.б.) жұмыс істеуіне, сондай-ақ халық көп шорғырланатын іс-шараларды (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу және басқа да; Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 3 тармағында көзделген) ұйымдастыруға салынған тыйымды сақтау бөлігінде.
– мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің қызметінде, өңірлер арасындағы блок-бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыру кезінде (ТЖ режімінің күші жойылғаннан кейін азаматтарға жұмыс орнынан анықтама болған және жұмыс істейтін жеріндегі елді мекенде тіркелген жағдайда еңбек қызметін іске асыру үшін кіріп-шығу, азаматтардың медициналық көрсетімдер бойынша екеуден аспайтын адамның ертіп жүруімен карантин жарияланған өңірлердің/қалалардың аумағына кіріп-шығуына рұқсат беру мәселелері бойынша; Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 6 тармағында көзделген).
2.4 Мобильдік топтар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтердің ұсынымдарын ескере отырып, мыналардың сақталуына рейдтік іс-шаралар жүргізсін:
– бетперде режімі мен әлеуметтік арақашықтықтың, көпшілік шоғырланған жерлер мен ойын-сауық объектілерінің әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерінің (Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 4 тармағында көзделген).
– медициналық орталықтар қызметінің, сауда (азық-түлік базарлары, азық-түлік емес дүкендер, құрылыс дүкендері және т.б.), халыққа қызмет көрсету объектілерінің (техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуғыштар, автосалондар, сұлулық салондары), мәдениет және өзге объектілердің (күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтай отырып, шоғырлануды, ұзақ және етене байланысты болдырмау), туризм және халықтың тұруы жөніндегі қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақүйлер, отельдер, тынығу үйлері, туристік базалар және т.б.; Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 5 тармағында көзделген) жұмысына қойылатын талаптардың.
– мектепке дейінгі ұйымдардың, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, балаларды түзету кабинеттері жұмысының (Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 7 тармағында көзделген);
– (уәкілетті органдармен бірлесіп) азаматтардың Қазақстан өңірлері арасында жүріп-тұруы (әуе рейстері) тәртібінің, сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысы қайта басталғанда оның жұмысы (Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 8 тармағында көзделген).
– күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтай отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы (Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы № 36 қаулысының 9 тармағында көзделген).
Анықтама ретінде: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өңірлік жедел штабтардың шешімдерімен ішкі істер органдары, әкімдіктер, «Атамекен» ҰКП және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері құрамында кәсіпорындардың жұмысқа дайындығын бағалау үшін мониторинг топтарын құруды көздейтін, карантин режімі кезінде қызметін іске асыратын объектілерді тексеру (мониторинг) жүргізу Алгоритмін әзірледі.
3. Әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-қимылдар тәртібі (шектеу, соның ішінде карантин іс-шараларын бұзғаны үшін).
3.1 Қазақстан Республикасының Бас немесе тиісті аумақтың мемлекеттік санитариялық дәрігері енгізген шектеу, соның ішінде карантин іс-шараларын бұзғаны үшін ӘҚБтК 462-баптың 3 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық құрамы құралады (заңды талаптарды, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғаларының өз құзіреті шегінде берген ұйғарымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісті түрде орындамау).
Осы баппен хаттамалар әзірлеу ішкі істер және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, сондай-ақ басқа меморгандардың құзіретіне енеді (ӘҚБтК 804-бабы 1 бөлігінің 1 және 22 тармақтары).
Анықтама ретінде. Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 6 тармағына сай індеттің, карантин объектілері мен аса айрықша зиянды организмдер, жұқпалы, паразитарлық аурулар ошақтарының, уланулардың, радиациялық апаттардың пайда болуы мен таралуының туындау қаупі болған жағдайда тексерілетін субъектіге алдын ала ескертілмей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркемей келесі жұмыс күні ішінде оны құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға әрі қарай табыстай отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Одан бөлек, тұлғалардың іс-әрекеттері ӘҚБтК өзге баптары бойынша дәрежеленуі мүмкін басқа әрекеттермен байланысты болуы мүмкін.
Мәселен, ішкі істер және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына бағынбау немесе кедергі келтіру ӘҚБтК 667-бабы және 462-бабының 1 бөлігі бойынша, тиісінше, қоғамдық орында былапыт сөйлеу ұсақ бұзақылық ретінде дәрежеленуі мүмкін (ӘҚБтК 434-бабы) және т.т.
ӘҚБтК 804-бабында әкімшілік құқықбұзушылықьтар туралы хаттамалар әзірлеуге құқылы лауазымды тұлғалар анықталған.
3.2 Құқықбұзушылық анықталған барлық жағдайларда құқықбұзушылықтың жасалғанын дәлелдейтін дәлелдемелердің жинақталуын қамтамасыз ету қажет (құқықбұзушыдан, жәбірленушіден, куәгерден толық және егжей-тегжейлі түсініктемелер алу, құқықбұзушылықтың және жекелеген процессуалдық әрекеттердің фото-видеотүсірімін жасау; ӘҚБтК 765 бабы0).
Болған жерде әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру мүмкін болмаған жағдайда, құқықбұзушылық жасаған тұлға мен жинақталған материал уәкілетті органға жеткізіледі (ӘҚБтК 786-бабы; жеткізу).
Аталған шарадан бөлек құқықбұзушылық жасаған тұлғаға іс бойынша өндірісті қамтамасыз етудің өзге шаралары, мәселен, ұстау, жеке тексеріп, қарау, көлік құралдарын тексеріп, қарау, құжаттарды, заттар мен тауарларды алып қою және т.б. қолданылуы мүмкін (785-801 баптар).
Іс бойынша өндірістің бүкіл кезеңінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары сақталуы тиіс (ӘҚБтК 744, 746 және 747-баптары).
Бұл ретте лауазымды тұлғаларда оған жол берген құқықбұзушылықтың мәнін түсіндіру үшін өзімен бірге қағаз тасығыштағы немсе электрондық пішімдегі қаулы (Қазақстан Республикасының Бас немесе тиісті аумақтың мемлекеттік санитариялық дәрігерінің) болуы тиіс.
3.3 Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамалар мен қағаз тасығышта әзірленетін материалдар сканерленіп, электрондық пішімде соттарға жолданады. Шағымдар, қолдаухаттар мен басқа құжаттар тек «Сот кабинеті» сервисінің көмегімен ғана жолданып, қабылданады.
3.4 Прокурордың істерге қатысуы да қашықтан қамтамасыз етіледі.
3.5 ӘҚБтК 801-бабына сай меморгандар қызметті 3 күнге дейін тоқтата тұра және материалдарды сотқа бере алады. Сот оларды он тәуліктің ішінде қарауға құқылы (ӘҚБтК 48-бабы).
Осыған байланысты әкімшілік өндіріс жүргізетін органдар қажетті жағдайларда материалды сотқа жолдай отырып, қызметті тоқтата тұру жөнінде жедел шаралар қолданатын болсын.
3.6 Соттар прокурордың қатысуымен әкімшілік істердің шұғыл қаралуын және қызметті тоқтата тұру (тыйым салу) туралы қаулының тез арада орындауға жіберілуін қамтамасыз ететін болсын.
3.7 Сот орындаушылар тоқтата тұру туралы қаулыны алғаннан кейін оны тез арада орындайды.
3.8 Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарауға құқылы уәкілетті органдар (лауазымды тұлғалар) осындай алгоритмді ұстанған жөн.

Жуалы аудандық прокуратурасы

Таңдаулы материалдар

Close