Basty bet

Әлеуметтік ахуал – басты назарда

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, БАҚ өкілдері шақырылды. Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Ербол Жаңабаев ашып, комиссия мүшелерін Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, отырыстың күн тәртібіне тоқталды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы ағымдағы жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Асылбек Мандиров баяндады. Баяндамашының мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың төрт айында аудандық полиция бөліміне отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 66 шақырту түскен. Оның ішінде бес отбасы бір жылдың ішінде екі рет шақырту берген. 37 шақырту ерлі-зайыптылардың арасындағы отбасылық кикілжіңдер бойынша, қалған 24-і ағайын-туыстар арасында болған. 31 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылған. Жоғарыда көрсетілген отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында құқық бұзушылық жасаған 61 тұлғаға қатысты «Қорғау нұсқамасы» 30 тәулікке толтырылды. 2019 жылдың төрт айында АПБ-де әйелдерге қатысты отбасы тұрмыс жағдайында қылмыс тіркелмеген.
Екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов атаулы әлеуметтік көмек бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес 2018 жылдың басынан аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек түрі енгізілген болатын. Осы әлеуметтік көмек жүйесі нәтижесінде өткен жылы аудан бойынша аз қамтылған 7817 адамы бар 1489 отбасына тиісті әлеуметтік көмектер берілді. Ал, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 7976 адамы бар 1793 отбасына тиісті көлемде көмек тағайындалып, төленді. Оның ішінде үш айда 404 көпбалалы отбасы көмек алды. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде табыстың кейбір түрлері қайта қаралды. Айта кетерлігі, 1 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін аудан бойынша «Е-Халық» бағдарламасы арқылы 1077 отбасынан өтініш қабылданып, 896 отбасының 9871 адамына көмек тағайындалып, төленді,-деді Керімхан Әуесбекұлы.
Ал «Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық конкурсының барысы туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айсұлу Арынова баяндап, ол аудан бойынша конкурсқа бес отбасынан өтініш түскенін айтты.

Нұржан дербісалиев.
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close