Qoǵam

Балалар – біздің болашағымыз

Балалар… Осы сөзге біз барымызды саламыз. Балалар – біздің тірегіміз, болашағымыз. Олар біздің өміріміздің ең басты, ең маңызды жетістігі. Әрбір бала, кішісі де, үлкені де ата-аналары мен жақындары үшін өте қымбат.
1 маусым елімізде Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіледі. Бұл мерекені 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен Халықаралық балалар күнінің өз жалауы бар. Бұл жалауда жер шарын қоршаған түрлі бала бейнеленген. Біздің еліміз Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.
Қазіргі уақытта аудандық, ауылдық кітапханалар қашықтықтан жұмыс істеу режімінде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетіп, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне онлайн іс-шаралар «Facebook» «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшаларында жүктелуде. Атап айтқанда, Теріс ауылдық кітапханасы «Балдәурен шіркін балалық» атты қуыршақ көрсетілімін, Рысбек батыр ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Аяжан Айдарбекқызы, Көктөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Жания Мәлік, Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрай Болат қолөнер бұйымдарын, Қосбөлтек ауылдық кітапханасының оқырмандары Еркебұлан Оралбек, Нұрсезім Әмірхан, Елжан Әмірхан қағаз бетіне салған суреттерін көрсетті.
Сондай-ақ, Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Абделиева кішкентай бүлдіршіндерге «Күлмес ханша» ертегісін, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Н.Нұрманалиева «Қымбат қобдиша» ертегісін айтса, Сұрым ауылдық кітапханасы «Күлкісімен баладай кім үйірсін?!» атты онлайн бейнетүсірілім түсірді. Қарабастау ауылдық кітапханасы «Ертегілер еліне саяхат» атты онлайн саяхат, Қарасаз ауылдық кітапханасы «Ана – үйдің берекесі, бала – үйдің мерекесі» атты онлайн оқуларын кітапхана оқырмандарын онлайн оқуға шақыру мақсатында «Facebook» «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жүктелді.

Күләш Таубалдиева,
аудандық орталық кітапхананың әдістемелік бөлім меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close