Basty bet

Рәміздерім – мақтанышым

«Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне қарасты Қарасаз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Аружан Қуанышбайдың ұйымдастыруымен 4 мамыр – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Рәміздерім – мақтанышым!» атты онлайн-шығарма байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жастарды көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, жастардың талантын шыңдап, өз шығармашылығын көрсетуге мүмкіндіктер беру, олардың бойында патриоттық сезімдерін оятып, еліміздің Рәміздерін, ұлттық нышанын кеңінен дәріптеу.
Байқауға қатысушы үміткерлерге шығарма жазбаша және электронды А4 форматында болуы және бір беттен кем болмауы, шығарма соңында аты-жөні, мекенжайы, оқу орны немесе қызметі толық жазылуы талап етілді.
Байқау талаптарына сәйкес келген 10 үміткердің жұмысы қабылданды. Шараға №6 А.Пушкин атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Айгерім Махатаева және Қарасаз ауылдық кітапхананың әдіскері Ақкөгершін Темірбекова қазылық етті. Қазылардың шешімімен І орынды Айгерім Бопан иеленсе, ІІ орын Ұлжан Жақсылыққа бұйырды. Ал, жүлделі ІІІ орыннан Аяулым Қалдыбек көрінді. Байқау жеңімпаздары Қарасаз ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жанар Нұрмұратқызы марапаттап, арнайы дипломдарды табыстады.

Аудандық «Жастар
ресурстық орталығы»

Таңдаулы материалдар

Close