Basty bet

Мақсатқа ұмтылу – журналистердің ерекше қыры

Құрметті Жуалы аудандық «Jańa ómir – Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің ұжымы!
Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының атынан шын жүрекпен құттықтаймын!
Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етудің мықты тетігі болып табылатындығын талай мәрте ерекше атап көрсетіп келеді.
Қасиетті өлкенің руханиятын, мәдениетін тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз жергілікті «Jańa ómir – Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті екенін баса айтқым келеді. Аудандық газет ауданның рухани шамшырағы, ғұмырлық айнасы екені баршамызға белгілі. Аудан көлемінде болып жатқан саяси-мерекелік шаралар мен игілікті істердің еш кідіріссіз газет бетінде жарық көруі тұрғындарды ерекше ықыласқа бөлейді. Ауданымыздың қалам ұстаған тілшілер қауымы қоғам тарапынан артылған маңызды жауапкершілікті абыроймен атқаруда. Аудан жұртшылығы сіздер арқылы шынайы жаңалықтар мен қажетті ақпараттар алады. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық.
Алыс-жақындағы ел тұрғындарын бір-бірімен байланыстырып, ақпарат саласындағы жаңа технологияларды жетік меңгеріп, уақыт ағымынан қалмай, халыққа заманауи әрі сапалы қызмет ұсынып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны ерекше. Нақты азаматтық ұстаныммен қоғамдағы болып жатқан жайттарға бей-жай қарамай, мақсатқа жетуге ұмтылу сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры деп білеміз.
Қадірлі қаламгерлер, редакция ұжымы!
Сіздерді бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Еткен еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Көбейсін Хайралапов,
Б. Момышұлы
ауылының әкімі

Таңдаулы материалдар

Close