Ádebıet
Даналық мәйегін меңгерген
Биыл барша ел болып қазақ ұлтының біртуар азаматы, данышпан, ағартушы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өткелі отырғанымыз белгілі. Қай халықтың болмасын өсі-өркендеуі, өнер мен білімнің-қысқасы, бүкіл, рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзатық өркениетке ұмтылыс сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелес бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болады. Қазақ халқы үшін сондай дара тұлға, әрбір сөзі құдіретті талантымен, көрген ойшылдығымен қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің қаламгерлік қуатымен бүкіл қазақ қоғамын тәрбиелеген, жақсылыққа жол сілтеуші ұлы қайраткер, адалдықты,шындықты ту етіп көтерген нағыз халық қамқоршысы болды.
Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін әрбір қазақ баласы, халқымыз оқып санамен, жүрекпен қабылдап өмірде рухани бағдаршамдай пайдалану керектігін сезінесін. Абайдың өз заманында айтқан ой толғанысы қазіргі заманмен үндесіп тұруы халқының, бүгінгі ұрпақтың болашағын ойлаған кемеңгер көреген ойшыл екенінде.
Абай- қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы.Себебі, дүниежүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және қалыптастырған адам – Абай. Қазақ даласында небір үлкен тұлғалар өмір сүрген, бірақ та дәл Абайдай өз заманына дейінгі дала данышпандарының даналық мәйегін меңгермеген. Бүкіл көшпелілер дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көрген ойының мүмкіндіктерін танытқан, сол арқылы бүкіл адамзат санасының дамуына айрықша үлес қосқан дара тұлға болған емес. Абай халықты бақытты болашаққа бастар жол іздеді. Жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол өзінің бір сөзінде: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек» деп атап өтті. Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылым мен белсене айналасуға үндеді. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол оқу-білім екенін жастарға түсіндірді. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазнасы болып саналады. Абай – халықтың үлгі тұтар қайраткер тұлғасы, данышпандық пен парасаттылықтың қайнар көзі. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы – күллі адамзат баласының ортақ мейрамы.
Назира Құлманова,
Жамбыл ауданаралық әділет
басқармасының басшысы.
«Қазақстан заңгерлер
одағының» мүшесі