Basty bet
Жұмыс тобының мүшесі сайланды
Аптаның басында аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубековтың төралығымен қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде «Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына сайлау бойынша конкурс өткізу туралы» мәселе қаралды.
Отырысты жұмыс тобының басшысы Ерғали Өтемісұлы ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8-бабына сәйкес жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жергілікті өкілді органның басшысы басқаратын жұмыс топтары қалыптастыратынын айтып өтті. Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылғы 23 қаңтардағы №4 өкімімен Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері бекітілгенін жеткізді. Осыған орай, 2020 жылдың 23 маусымында аудандық «Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде «Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына сайлау өткізу туралы» хабарлама жарияланған. Хабарлама бойынша аудандық мәслихатқа конкурсқа қатысуға ниет білдірген төрт азаматтан өтініш келіп түскенін және олардың құжаттары тиісті тізімге сәйкес толығымен жинақталғаны отырыс барысында айтылды.
Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгілік ереженің негізінде әзірленген Қоғамдық кеңес туралы ереженің талаптарына сәйкес кандидатураларға талқылау жүргізіліп, ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде өз-өзін ұсынған кандидат Мақпал Сүйінбай жұмыс тобының мүшелігіне сайланды.
Отырыс соңында оған қатысушы жұмыс тобының мүшелері бірауыздан шешім қабылдады.
Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»