Basty bet

Сурет салу байқауы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында және ұлы ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай Нұрлыкент ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Нұртілеу Төреннің ұйымдастыруымен «Екінші ұстаз» атты онлайн сурет салу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Дарынды жастарды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.

Байқауға 14-29 жас аралығындағы үміткерлер, яғни округ бойынша жеті жас қатысып, бақтарын сынады. Байқау шарты бойынша суретшілер салып жатқан суреттеріне қысқаша видео түсіруі қажет. Байқау ережелеріне сай үміткерлердің суреттері іріктелініп алынды. Нәтижесінде белгіленген қазылар алқасымен жеңімпаздар анықталып, қорытындысында I орынды Гүлдана Сәтбаева иеленді. Ал, байқаудың жүлделі II орны Қасымжомарт Өтегеновке, III орны Айгүл Құлмағанбетоваға бұйырды.
Байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық жастарға алғыс білдіреміз.
Нұртілеу Берікұлы,
Нұрлыкент ауылдық округінің жастар ісі
жөніндегі инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close