Basty bet
Құрылыс жұмыстарына қарқын мен сапа керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында құрылыс саласына мынадай міндеттер жүктелген: «Біз Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет.
Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет.
Үкіметке «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады».
Аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі Жолдауда алға қойылған міндеттерді ескере отырып, өңірде іске асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының мерзімі мен сапасына баса назар аударуда. Осы және басқа да мәселелер төңірегінде бөлім басшысы Нұрсұлтан Сауырбаев әңгімелейді.
– Ауданда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңын орындауды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар құрылыстарына жер бөлу кезінде және де бұрынан тұрған объектілерді қайта жабдықтау немесе қайта жарақтандыру үшін құжаттар дайындау кезінде заң нормаларын сақтау әрдайым басты назарға алынады.
Заң талаптарына сай қазір бас жоспарсыз елді мекендерде ешқандай құрылыс жұмыстарын іске асыруға болмайды. Себебі, бас жоспар – жобаның құрылыс объектісін жоспарлау және абаттандыру, үймереттерді, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инженерлік жүйелерді орналастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі болып табылады.
Осы заңнама талабын орындау мақсатында, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес, барлық елді мекендердің қолда бар бас жоспарларын жаңартып, бас жоспармен қамтамасыз ету барысында, облыс әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы «Елді мекендердің Бас жоспарларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру туралы» №42 қаулысы қабылданып, бас жоспарлар әзірленіп, мәслихат шешімімен бекітілген.
Жоғарыдағы жағдайларды ескере келе, 2020 жылға ауданның Қарасаз, Қайрат, Көлбастау ауылдарының қазіргі бас жоспарына түзету енгізе отырып, қызыл сызықты нақтылап, жаңа алаптағы жер телімдеріне жобалау-егжей-тегжейлі жоспарлары әзірлеу үшін 2020 жылдың 27 ақпанында 18 119,6 мың теңгеге «КазСтройСейсмоПроект» ЖШС-мен шарт рәсімделіп, жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Б.Момышұлы ауылының қазіргі бас жоспарына түзету енгізе отырып, қызыл сызықты нақтылап, жаңа алаптағы жер телімдеріне жобалау-егжей-тегжейлі жоспарлары әзірлеу үшін 2020 жылдың 16 мамырдағы 7 931,0 мың теңгеге «КазЦентрПроект» ЖШС-мен шарт рәсімделіп, жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Алғашқы бас жоспар бекітілгенге дейін аудан аумағында біршама абаттандыру жұмыстары жүргізілген «Б.Момышұлы», «Батырбек Датқа» ескерткіштері, «Жасай бер, Қазақстан!» саябағы, «Бәйтерек» шағын сәулет нысаны, «Жастар аллеясы» мен «Құрметті азаматтар аллеясы» нысандары ашылып, бас жоспарға енгізілген.
Ел тәуелсіздігін алған жылдардан бері 40 850,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудан орталығы Б.Момышұлы ауылы және 13 ауылдық округтегі 49 елді мекендер бойынша 12 дана саябақ ашылған.
Үстіміздегі жылға Б.Момышұлы ауылына тал-дарақтар отырғызу іс-шара жоспары негізінде көктем мезгілінде «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында «Жастар аллеясының» артқы бөлігіне әртүрлі жеміс және сәндік ағаштар егілетін жер дайындалып, 1 350 дана тал-дарақ отырғызылды.
Ағымды жылы 2305,0 мың теңге қаржыға (Қ.Рысқұлбеков-Ақсай, А.Иманов-Боранды, Н.Тұрысов-Тастандиев, Наурыз-С.Күшанов) жаяу жүргіншілер жолына орта жөндеу жүргізілсе, жаяу жүргіншілер көпіріне (Қ.Рысқұлбеков-Абылай хан, Тәуелсіздік-Рысбек батыр, Боранды-А. Тұрысбеков, Бәйтерек-З.Елшібаев, Ы. Алтынсарин-Наурыз көшелерін біріктіретін көпірлер) 7 500,0 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізілді. Ал, аудан орталығының Б.Момышұлы ауылының жеті көшесі орта жөндеу жұмыстары және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жалпы ұзындығы 11 шақырым болатын 10 көшенің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан орталығы Б.Момышұлы ауылына кіреберіс аркадағы «Бауыржан Момышұлы» атауы латын қарпіне ауыстырылса, ауыл келбетін жақсарту мақсатында күрделі жөндеу және «Б.Момышұлы», «Батырбек Датқа» ескерткіштері, «Жасай бер, Қазақстан!» саябағы, «Жастар аллеясы» мен «Мәңгілік Ел» саябақ нысандарына қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, «Мәңгілік Ел» саябағына «Жан жүрегім Жуалы» стеласы, Парасат көшесі бойынан «Жеті қазына» және Жамбыл көшесі бойында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер барельефтері орнатылды. Жамбыл көшесінің бойынан кіші гүлзарды қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Осы мәселелерді ескере отырып, Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №135 «Жамбыл облысы елді мекендерінің бас жоспарларын әзірлеу және сәулеттік келбетін жақсарту туралы» қаулысына сәйкес, ауыл әкімдерімен бірлесе отырып меншік түрлеріне қарамастан әр-түрлі нысандардың сыртқы көрінісін, қасбеттерін, сәулеттік келбеттерін құрылыс нормаларына сәйкестендіру мақсатында біршама жұмыстарды атқаруды қолға алуды қажет етеді.
Ауданымыз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бойында болғандықтан, барлық мемлекеттің азаматтары осы аумақтан өтетіндігін ескере отырып, аудан орталығының келбетін жақсарту мақсатында Нұрлыкент ауылының тұсы мен Б.Момышұлы ауылына кіреберістен бастап Б.Сафинов, Жібек жолы, Парасат, Рысбек батыр, Жамбыл көшелері арқылы Ақсай ауылдық округі Қайрат ауылындағы Б.Момышұлы мемориалдық мұражайына дейінгі аралық зерделеніп, бұрыннан тұрған нысандардың сырт келбеттерін жақсарту, кейбір аралықтарға шарбақтар мен шағын сәулет формаларын орналастыру мүмкіндіктері қарастырылуда. Алдағы уақытта осы жұмыстар оң нәтижесін береді деп күтудеміз.
Сонымен қатар, құрылыс салушы жеке және заңды тұлғалардан салынатын құрылыстың сәулеттік келбетін жақсарту мен біркелкілігін қамтамасыз ету бөлім арқылы тұрақты түрде талап етілуде.
Аудан бойынша салынған әлеуметтік нысандардың сейсмикалық күшейтулер ережелері қатаң сақталынған. Бүгінгі күнге дейін апатты жағдайдағы ғимараттар анықталған жоқ
Ауданымызда арнайы «Нұрлы жер» бағдарламасы қабылданбаған, бірақ осы пилоттық жобаның Жамбыл облысы бойынша жинақтау көрсеткіштерінің құрамды бөлігі болып табылатын, аудан тұрғындарына тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу мақсатында, алдын-ала тұрғын аумақтардың алаңдарын анықтау және анықталған аумақтарды инженерлік жүйемен қамтамасыз ету, жаңа салынған тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтар туралы ағымдағы жылдың 1 тамыз айына дейінге соңғы жинақталған мәліметке сәйкес жалпы саны 2 758 азаматтан асып отыр. Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылында 1560 адам, Ақсай ауылдық округі бойынша 229 адам, Мыңбұлақ ауылдық округі бойынша 243 адам, Көкбастау ауылдық округі бойынша 309 адам, Нұрлыкент ауылдық округі бойынша 315 адам, Шақпақата ауылдық округі бойынша 102 адам тіркеліп, тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер теліміне кезекте тұрғандар күнен – күнге өсуі анықталып отыр.
Жуалы ауданында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімімен қамтамасыз етуді іске асырылу барысында Б.Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алабын (электр, сумен, газбен, автомобиль жолдары) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары 2018 жылы басталып, нысан өткенжылы пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде, Б.Момышұлы ауылындағы кезекте тұрған (кезекте 1560 азамат) 170 азаматты жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімімен қамтамасыз етуге, әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге мүмкіндік ашты.
Сонымен қатар, Көкбастау ауылдық округінің Теріс ауылындағы жаңа тұрғын алапта 58, Қосбөлтек ауылындағы жаңа тұрғын алапта 59 және Нұрлыкент ауылындағы жаңа тұрғын алапта 63 жер телімі электр жүйесімен қамтамасыз етілді.
Одан бөлек, Жуалы ауданының жеке тұрғын үй құрылысын 2022 жылға дейін дамыту картасына сәйкес, жалпы алаңы 86,7 га (Б.Момышұлы ауылынан 36,7 га, Көкбастау ауылдық округінен 30 га, Ақсай ауылдық округінен 10 га, Нұрлыкент ауылдық округі 10 га) жер телімдерінің жаңа тұрғын алқаптарына газ және ауыз сумен қамтамасыз етуге 2019 жылы 10 нысанның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленген.
2020 жылы жоғарыда аталған алаптардың жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізіп, құрылыс жұмыстарын 2021 жылы іске асыру жоспарланған. Аталған жоспар орындалған жағдайда 463 жер телімін инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен ішінара қамтамасыз етіледі.
Ауданда әлеуметтік осал топтардың тұрғын үйге мұқтаждығы ескеріліп, осы санаттағы азаматтар үшін көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта өткен жылы Б.Момышұлы ауылындағы орталық аурухана аймағындағы бұрынғы бақтын орнына үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. 2020 жылы аталған жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын сарапшы «Экспертиза Плюс» ЖШС қарап, кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізді. Сараптама қорытындысының оң нәтижесі алынып, құрылыс жұмыстарын 2021 жылы жүргізу үшін облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Бұдан бөлек, екінші тұрғын үйдің ЖСҚ әзірлеуге 2020 жылы 4779,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2020 жылдың 23 маусымында “КазЦентрПроект” ЖШС мекемесімен жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге шарт рәсімделді.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырыс беруімен Ақбастау ауылында орналасқан «№16 Жуалы колледжінің» екі ғимаратына күрделі жұмыстар жүргізуге жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 4 қабатты 65 пәтерлі тұрғын үйдің жалпы сметалық құны 695 004,0 мың теңгені құрайтын сараптамалық қорытындысы алынды.
Осы аталған жобалар іске асқан жағдайда аудан әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жүргізіп жатқан кезек тізімінде тұрған 313 адамдарға бекітілген тәртіп бойынша (ҰОС ардагерлері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар, көп балалы аналар және көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары және т.б.) пәтер алу мүмкіндігіне ие болады.
Білім саласында Қоңыртөбе ауылы Пахомов атындағы орта мектепке жапсарлас жаңа спорт зал (6 оқу бөлмесімен) құрылысын салу нысанының сметалық құны 198 496,0 мың теңге. 2020 жылғы құрылысына қаражат облыстық бюджеттен 188 130,0 мың теңге қаражат бөлінген. Бас мердігер «Ай-Дин Тараз құрылыс» ЖШС-мен 04.03.2020 жылы №21 шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 162 242,6 мың теңгені құрайды. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2020 жылдың тамыз айының ортасы. Мектепке жапсарлас салынатын ғимараттың кірпішін қалау жұмыстары (95%), сылау (40%), электрмен жабдықтау (30%), сейсмикалық белдеу құю (70%), темір бетонды плитамен жабу (50%) жүргізілуде.
Аудан орталығы және ауылдық округтердің елді мекендерінде орналасқан білім нысандарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша облыстық бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінген. Атап айтқанда, Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің шатырын ауыстыру жұмыстары 20 809,0 мың теңгеге, Күреңбел орта мектебінің шатырын ауыстыру жұмыстарын 13 178,0 мың теңгеге, аудан орталығы Б.Момышұлы ауылындағы №15 мектеп-лицей ғимаратының сыртын қаптауды 29 522,0 мың теңгеге және №29 орта мектеп ғимаратының сыртын қаптау жұмыстарын 20 770,0 мың теңгеге мердігер мекеме «Асау Инвест-Ник» ЖШС жүргізді.
Облыстық білім басқармасының келісімімен «Алатау ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысын салу» жобасы әзірлеу үшін «КазСтройСейсмоПроект» ЖШС-мен 662,7 мың теңгеге жасалған шарт негізінде ЖСҚ әзірленіп, сарапшы мердігер «Birlestik Expert» ЖШС арқылы, сметалық құны 529249,0 мың теңгені құрайтын жоба 15.06.2020 ж. сараптама қорытындысы алынды. Сонымен бірге «Диқан ауылында 180 орындық орта мектеп құрылысын салу» жобасын әзірлеу үшін «КазСтройСейсмоПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктесігімен 662,7 мың теңгеге 20.04.2020 жылы №32 шарт негізінде ЖСҚ әзірленіп, сарапшы мердігер «Birlestik Expert» ЖШС арқылы, сметалық құны 594 176,0 мың теңгені құрайтын жоба 14.06.2020 ж. сараптама қорытындысы алынды.
Жоғарыда аталған екі білім нысандары бойынша 2020 жылға және 2021 жылға қаржы бөлу үшін облыстық құрылыс және экономика басқармаларына бюджеттік өтінім берілді.
Бұдан бөлек №1 мектеп-гимназияға жапсарлас акт залы мен ұл және қыздарға арналған шеберхана құрылысының ЖСҚ әзірлеуге 3800 мың теңге қаржы бөлінді. Бастапқы деректі құжатама топтамасын жинақтау жүргізілуде.
Нұрлыкент ауылындағы 180 орындық мәдениет үйінің жобасын әзірлеу үшін 2020 жылдың 9 маусымында «Табыс-Жоба» ЖШС-мен 2 999,9 мың теңгеге шарт рәсімделіп, сарапшы мердігер «Birlestik Expert» ЖШС-і үш жақты келісім шарт негізінде, нысанның сметалық құны 110 079,0 мың теңгені құрайтын сараптамалық қорытындысы алынды. Сонымен қатар, аталған жоба бойынша облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.
Б.Момышұлы ауылындағы аудандық мәдениет үйіне жапсарлас құрылысының жобасы 2020 жылдың 11 мауымында 464,6 мың теңгеге №65 шарт негізінде сарапшы мердігері «Град Эксперт» ЖШС-не бастапқы құжатамалары сараптамаға ұсынылды.
Ақсай ауылдық округінің Қайрат және Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылдарынан 180 орындық мәдениет үйінің жобасын әзірлеуші мердігер «КазЦентрПроект» ЖШС-мен шарт рәсімделіп, ЖСҚ әзірленуде. 2019 жылға Б.Момышұлы ауылынан спорт кешенін, жоба-сметалық құжаттамалары әзірленген болса, қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың қарауында қыркүйек айының аяғына дейін қорытындысын алу жоспарлануда.
«Қайрат және Кәріқорған ауылдарының спорт мектептерін қайта жаңғырту» жобалық сметалық құжатын 326,0 мың теңгеге кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өткізу үшін сарапшы мердігер «Норматив құрылыс» ЖШС анықталып, сараптаманың қарауына бастапқы құжаттамалары салынуда. Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылындағы «Бокс мектебіне» жапсарлас қосымша ғимарат салу үшін жоба-сметалық құжаттамаларына бастапқы құжаттамалар жинақталуда.
Ауданның таулы өңіріндегі елді мекендерде ауылішілік газ тарту жұмыстары 2020 жылғы 27 сәуірдегі құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС мен бес елді мекенге Шыңбұлақ, Қоңыртөбе, Кәріқорған, Тасбастау, Күреңбел және 2020 жылғы 27 сәуірдегі «KazCityPlat2010» ЖШС мен екі елді мекенге Майбұлақ, Қосмұрат ауылдарына шарт жасалып, бүгінгі күнге «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 636,11 млн қаралған қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету шараларына 64 адам жұмыспен қамтылады. Майбұлақ, Тасбастау, Шыңбұлақ ауылдарының ауылішілік газ тарту құрылысы нысандарына 246 564,1 мың теңге қаражат төленді.
2020 жылы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жалпы құны 2 8718 788,8 мың теңгені құрайтын Шақпақ ауылдық округінің Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы, Боралдай ауылдық округінің Көлтоған, Ертай және Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата ауылдарында ауыз су құрылысы жұмыстары басталды. Бүгінде аталған ауылдардағы құрылыс жұмыстары 40-65 пайызға орындалды.
Одан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымыздың тағы да 10 елді мекеніне, атап айтқанда Теріс, Ақбастау, Шыңбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым, Теріс-Ащыбұлақ, Ынтымақ ауылдарында ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Ауызсумен қамтылмаған қалған сегіз ауылдың ауыз су жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
Ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тапсырыс беруші ретінде Қайрат ауылындағы №3 каналдың ағымдағы жөндеуі (7 шақырым; 220 га) 2500,0 мың теңге, № 4 каналдың ағымдағы жөндеу (5,5 шақырым; 145 га) – 2500,0 мың теңгеге қаржы бөлініп, мердігер мекемесі «Гапар» ЖШС, «Қайрат» су қоймасының ағымдағы жөндеуіне 18900,0 мың теңге, Қарасаз ауылындағы «Береке» су қоймасының ағымдағы жөндеуіне – 21700,0 мың теңге, Ақтөбе ауылындағы «Жарбұлақ» су қоймасының ағымдағы жөндеуі – 11500,0 мың теңгеге қаржы бөлініп, мердігер мекемесі «Bu Big building» ЖШС-і, Шақпақата ауылындағы Д.Пахомов көшесінде 9600,0 мың теңгеге суағар науалар жүргізу жұмыстарын мердігер «Хадиша апа» ЖК алса, Нұрлыкент ауылындағы Е.Байғазиев көшесіндегі суағар науаларды орта жөндеу жұмыстарын мердігер «Жігер» ЖШС 64 429,2 мың теңгеге жүргізуде, Б.Момышұлы ауылында 85 769,0 мың теңгеге қосалқы шаруашылықтарға су жүйесін орнату жұмыстарын «Жуалы су» мекемесі жүргізуде.
– Өңірімізде ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында орындалған тұрғын үй құрылысы көлемінің индикаторлар межесі 7212 шаршы метр болып, 2019 жылдың осы кезеңіндегі индикаторлармен салыстырғанда 110,2 пайызға артық орындалып, 1 765,0 млн. теңгені құрады, – дейді аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сауырбаев.
Жазып алған
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»