Basty bet

Білім күнімен құттықтады

1 қыркүйек – Білім күні аудан әкімі Нарбай Ергебеков №1 мектеп-гимназияға барып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, 1 «ә» сыныбының тәрбие сағатына қатысты. Сынып сағатында оқушылар білім, Отан туралы өлең шумақтарын жатқа айтып, соңынан алғашқы қоңырау соғылды.
Аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлы жаңа оқу жылының ерекшеліктері мен қиыншылықтары туралы айта келіп, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар болып бірлесіп, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқаратынына сенім білдірді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев пен аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Назиля Тұрмаханбетова да қатысты.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close