Basty bet
Жолдауды қызу қолдады
Шақпақ ауылдық округі әкімдігі ғимаратының ауласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына үн қосу мақсатында жиын өтті. Оған жергілікті әкімдік қызметкерлері, мәдениет үйінің маманы, жастар инспекторы, спорт нұсқаушысы, «Өрлеу» ассистеті, кітапханашы, пошта қызметкері және ауыл жастары қосты.
Жиын басында сөз алған Шақпақ ауылдық округінің әкімі Затыбек Пашенов Мемлекет басшысының Жолдауында қозғалған проблемалар бүгінде қоғам үшін өте өзекті екенін айрықша атап өтті. Округ әкімі елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы маман жетіспеушілігі, тағы да басқа мәселелерге тоқталды.Бұған қоса пандемия кезінде шағын және орта бизнес өкілдеріне жасалып отырған жағдайды, сол сияқты бала сүйе алмай жүрген отбасылар үшін «Аңсаған сәби» жобасы қолға алынғаны, Жолдауда қозғалған мәселелердің шешімі Қазақстан халқының қолайлы жағдайда өмір сүруіне септігін тигізетінін айтып өтті. Кездесу барысында «Жастар Жолдауды қолдайды!» деген тақырыпта мәдениет үйінің маманы баяндама жасады.
Жиналысқа қатысушылар Қазақстанның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, білім деңгейін арттыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағытты қолдады.
Ақжан Ахметов,
Шақпақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы