Basty bet

Облыстық конференцияға делегаттар сайланды

«Достық» мәдениет үйінде аудандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының конференциясы болды. Шараға аудандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы бастауыш ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Жиынды «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Эльмира Дүтбаева ашып, күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. Ол – облыстық филиалдың кезектен тыс VIII конференциясына аудандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының бастауыш ұйымдарынан делегаттар сайлау.
– Жуалы ауданында 355 салалық кәсіподақ мүшесі бар. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің нұсқауымен бекітілген квотаға сәйкес облыстық конференцияға кәсіподақ мүшелерінің әр 100 адамынан бір адам сайлауымыз керек. Міне, сондықтан қазір араларыңыздан облыстық конференцияға қатысатын 4 делегатты сайлап алуымыз қажет, – деді Эльмира Ермекбайқызы.
Әрі қарай делегаттарды ұсыну үшін сөз бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелеріне берілді.
Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Мәрзия Ермекбаеваның ұсынысымен аудандық орталық кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанерке Сейдалиева, № 12 БЖСМ қызметкері Бағдат Қырғызбаевтың ұсынысымен мекеме бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Дүйсенбаева, мәдени-демалыс және шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Нәзипа Қаттебекованың ұсынысымен орталықтың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Несіпкүл Тұрапбаева, ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан өзін-өзі ұсыну жолымен аудандық «Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абылайхан Сәрсенов делегат болып сайланды.
Олар қыркүйектің 25-нде Тараз қаласында өтетін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс VIII конференциясына қатысатын болады.

«Jańa ómir»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close