Basty bet

Халық лайықты азаматты таңдады

Халқымыз күні кеше ғана маңызды қадам жасап, кезектен тыс Президент сайлауында қалаған кандидатына дауыс беріп, ел Президенттігіне лайықты азаматты таңдады. Жалпы Президенттікке үміткер болып тіркелген жеті кандидаттың да саяси сахнада өз орны, өзіндік пікірі бар азаматтар екенін жақсы білеміз. Алайда әлемдік саясатта танылған, одан соң еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болып, жауапты қызметтер атқарып келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге сіңірген еңбегі зор.
Сайлау науқанының қорытындысында 70 пайыз дауыспен Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Мұны айқын жеңіс деп айтуға болады. «Басшы біреу, халық оған тіреу» дейтін болсақ, халқымыз Президент саясатын қолдап, тәуелсіздіктің 28 жылы бедерінде ауызбіршіліктің ерен үлгісін танытып келеді. Осы жылдар ішінде елдің экономикасы едәуір өсіп, халықтың жағдайы да жақсарып келеді. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Президенттігі лауазымына лайық деп халық таңдаған азамат Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді ары қарай дамытып, өркендете береді деп кәміл сенемін.
Машкура КАМАЛОВА,
жеке кәсіпкер

Таңдаулы материалдар

Close