Basty bet

Рәміздерге құрмет – азаматтық міндет

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни, қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Еліміздің әр азаматы еліміздің басты нышандарын қадірлеп, ерекше құрметтей білуі тиіс. Осы ретте, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, рухани бірлік қоғамын нығайтуға, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында №4 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектепте 2019-2020 оқу жылына Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жоспары құрылып және қолдану мен жою жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Мектепте еліміздің айшықты белгілерін (Туын, Елтаңбасын, Әнұранын) жатқа білуге, оларды басқа мемлекеттердің рәміздерінен ажырата білуге үйретуде іс-шаралар жасалды.
1 қыркүйек – Білім күні салтанатты жиынның ашылуында оқушылар кеуде тұсына қолдарын қойып Мемлекеттік Әнұранды дауыстап айтса, 11 «а» сыныптың үздік оқушысы Дәурен Балнұр және Аманбек Мирас екеуіне Мемлекеттік Туды тұтұғыр арқылы жоғары көтеру құрметі берілді.
5-11 сынып оқушыларынан «Мемлекеттік рәміздерге құрмет – азаматтық міндет» атты сауалнама жүргізілді. Кітапханада «Еліміздің рәміздері», «Ту, Елтаңба, Гимн – қасиетті рәміздеріміз» атты кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер дайындалды. 5-6 сыныптарда «Мен рәміздер туралы не білемін?», «Отанымның рәміздері» атты сынып сағаттары, «Менің Отаным», «Қазақстан Жалаулары» атты сурет байқаулары өткізілді.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесінде Мемлекеттік Туды салтанатты алып шығумен «Жас Ұлан» ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі болып өтті. Білім ошағында «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбына патриоттық сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні «Мемлекеттік рәміздер мен Ата заң» тақырыбына арналған дәрістер оқылды. Мектепте «Желбіре мәңгі көк байрағым!», «Ел рәміздері – елдігімнің реңі, тәуелсіздік тірегі» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды. Жалпы мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау мақсатында жұмыстар жасалынуда.
Көктемгі демалыс күндері оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Бұл – біздің Ту, бұл -біздің Елтаңба, бұл – біздің Әнұран» тақырыбында танымдық сайыс өтті. Сайысқа 2 топ қатысып, олар белсенділік таныта отырып, мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Сайыс соңында оқушылар еліміздің басты нышандары туралы өз ойларын ортаға салды.
4 маусым күні мектептің Мемлекеттік рәміздері орнатылған дәлізінде мектеп мұғалімдері қатысқан «Патриоттық дәрістер» сабағы өтті. Патриоттық дәріс сабағының алғашқы бөлімі бойынша ұжым болып Мемлекеттік Әнұранды музыканың сүйемелдеуімен орындады. Сабақтың екінші бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қырғызбаев сабақтың мақсатын түсіндіріп, құттықтау сөзді мектеп директоры Нұрмахан Тыныбековке берді. Мектеп директоры өз сөзінде Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихына шолу жасап, оны қадірлеп, құрметпен қарауға насихаттады.
Мемлекеттік рәміздердің бір деңгейде, қажетті кезекпен орналасуы сақталады. Мектеп фойесінде мемлекеттік рәміздер бұрышы арнайы бөлінген орында орналасқан. Мемлекеттік мереке күндерінде, салтанатты іс-шараларды өткізуде міндетті түрде Қазақстан Республикасының рәміздері қолданылады. Қазақстан Республикасының ұлттық мереке күндерінде және басқа да мереке күндерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мектеп ғимаратында орнатылады. Мемлекеттік мереке күндерінде, салтанатты іс-шаралар басталғанда және тәрбие сағаты күндері барлық оқушылар орындарынан тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
Мемлекеттік рәміздер ғимаратқа кіреберіс маңдайша төбесінде орналастырылған, яғни ғимаратқа кіреберіс ашық ауада ұштықсыз Ту қолданылады және ғимаратқа кіреберіс бетте оң жағында Ту, Рәміз, Гимн орналасқан.

Нұрманбет Қырғызбаев,
№4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close