Qoǵam

«Парасатты отбасы»: байқау қорытындыланды

Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінде қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және өңірдегі үлгілі, үздік отбасыларын анықтау мақсатында аудандық «Парасатты отбасы» онлайн-байқауы өтті. Байқауға 150-ден астам отбасы қатысты. Барлық қатысқан отбасының бейнежазбалары білім бөлімінде қаралып, сараланып, 20 отбасы «үздік» деп танылды.
Атап айтқанда, «Парасатты отбасы» номинациясы бойынша – Байрамовтар отбасы, «Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша – Оңалбековтер отбасы, «Интеллектуалды отбасы» номинациясы бойынша – Сүлейменқұловтар отбасы, «Шығармашыл отбасы» номинациясы бойынша – Архабаевтар, Құнанбаевтар отбасы, «Көптілді отбасы» номинациясы бойынша – Утековтар, Келсімбековтер отбасы, «Шеберлер отбасы» номинациясы бойынша – Жамалбековтер отбасы, «Өнерлі отбасы» номинациясы бойынша – Доғдырбековтер, Мұратбаевтар отбасы, «Жомарт отбасы» номинациясы бойынша – Уркумбаевтар, Жұмабековтар отбасы, «Саяхатшы отбасы» номинациясы бойынша – Кубеновтар, Жақсылықовтар отбасы, «Өндірістегі үздік отбасы» номинациясы бойынша-Жартыбековтар, Жүзбаевтар отбасы, «Ең саламатты отбасы» номинациясы бойынша – Алтынбековтер, Әлижапбаровтар, Сапарбаевтар отбасы, «Шеберлер отбасы» номинациясы бойынша -Айгелдиевтер отбасы иеленді.
Топ жарған барлық отбасыларды жеңісімен құттықтаймыз!

Аудан әкімдігінің
білім бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close