Basty bet

Пандемия қайта өршіген жағдайда

Жуалы аудандық орталық ауруханасында СОVID-19 коронавирустық пандемиясының ықтимал екінші толқынына дайындық барысында бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

Мекеме басшысы Батихан Алпысбайдың мәлімдеуінше, бүгінгі күнге аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына оттегімен қамтамасыз ету жүйесі орнатылып, оттегі баллондарының саны 40-қа арттырылып, 49-ға жеткізілген. Сондай-ақ, пандемия өршіген жағдайда өкпені жасанды желдету аппараты бес дана және оттегі концентраторлары 22 дана, Бобров аппараты 10 дана қолдануға дайын. Мекеменің жұқпалы аурулар бөлімінен қосымша 30 орын, қабылдау бөлімінің ішінен қосымша 30 төсек орын, барлығы 60 орын ашуға толық мүмкіндігі бар.
Бүгінде мекемеде дәрі-дәрмектердің қажетті қорын құру, дәрігерлерге түсетін жүктемені есептеу және т.б. бағыттарда жұмыстар атқарылуда. Бұл көрсеткіштер барынша нақты болса, КВИ-мен күрестің пәрменділігі соғұрлым арта түсетіні белгілі.
Аудандық орталық ауруханасы бойынша коронавирустық инфекция клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуге дәрілік заттарға қосымша 18 244 771 (он сегіз миллион екі жүз қырық төрт мың жеті жүз жетпіс бір) теңгеге және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында 2020 жылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мақсатында, КВИ емдеудің хаттамасына кіретін COVID-19 жалпы сомасы 3 570 363 теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тапсырыс берілді.
Бір реттік бетперделер мен тұзды ерітінділерге қосымша тапсырып беріліп, гуманитариялық көмек тарапынан қосымша медициналық жабдықтармен қолдау күтілуде. Атап айтқанда, бұл өкпені жасанды желдету аппараты, рентген аппараты және медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Ауруханада медициналық қызметкерлердің жеке басының қорғаныстық заттарының қоры жасақталған. Мәселен, көпреттік обаға қарсы киімдер 511, бірреттік обаға қарсы киімдер 8250, бір реттік маскалар 60000, № 95 респиратор 6200, бірреттік қолғаптар 30 000, бет қорғанысы 800, көзәйнек 340 дана, ал дезинфекциялық заттардан таблеткада – 10 000 дана, қолға арналған антисептиктер – 200 л, 1 литрлік құтыда – 105 дана, дезинфекцияға арналған сұйықтық – 90 литр, ұнтақ тәрізді дезинфекциялық заттар
Жалпы ауруханаға әртүрлі ұйымдардан 105 129 437 теңге көлемінде қайырымдылық гуманитарлық көмек көрсетілген.
Аудандық орталық емханада 11 мобильдік топ құрылса, оның жетеуі аудан орталығынан шалғай орналасқан дәрігерлік амбулаторияларда, ал төртеуі аудандық емхана базасында қызмет көрсетеді. Бұл топтардың құрамы жалпы тәжірибелі дәрігерлерден және аймақтық медбикелерден жасақталған. Сондай-ақ мобильдік топта COVID-19 расталған науқастарды бақылауда көмек беру үшін аймақтық дәрігерлер мен мобильдік топтарға қашықтан консультациялық және ұйымдастырушылық топ құрылған. Құрамына инфекционист, терапевт, невропатолог, эпидемиолог, акушер-гинеколог, психотерапевт, психолог, қоғамдық денсаулық сақтау маманы, клиникалық фармаколог дәрігерлер бекітілген.
Аудандық денсаулық сақтау саласында барлығы 692 қызметкер жұмыс істейді. Соның ішінде дәрігерлер саны – 91, 40 – дәрігердің еңбек өтілдерінің 5- жылға жетпеуіне байланысты, категориялық санатты дәрігерлер – 50,0 пайызды құрап отыр. Яғни, 20 дәрігердің жоғары, І және ІІ санаты бар.
Ауданның дәрігерлермен қамтамасыз етілуі әрбір 10 000 тұрғынға шаққанда 20,1 пайызды, яғни жалпы аудан бойынша 88,3 пайызды құрап отыр. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны – 336, оның 180-і немесе 65,4 пайызы жоғары, бірінші және екінші санаттағылар, 102 медбикенің еңбек өтілі 5 жылға жетпейді. Орта буын медицина қызметкерлерімен қамтылуы 100 пайызды құрайды.
Бүгінгі күнде бекітілген штаттық норматив бойынша аудан бойынша бір эндокринолог, бір акушер-гинеколог, бір реаниматолог маманның қажеттілігі туындап отыр. 2020 жылы 14 жас маман (терапевт – 1, педиатр – 1, акушер-гинеколог – 1, реаниматолог -1, ЖТД – 7, хирург – 2, кардиолог -1 жұмысқа орналасты.
Жамбыл облысы әкімдігінің мақсатты трансферттер есебінен ауылдық жерде тұрақтандыру үшін берілетін 800 000 теңге көтерме жәрдемақысын бір жас маман алды, бір маманның құжаттары қаралуда.
2019 жылы келген жас мамандар 100 АЕК, яғни 275 000 теңге әлеуметтік жәрдемақымен 100 пайыз қамтылды. 2020 жылы республикалық бюджет есебінен тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген 0,01 пайызбен 1 500 АЕК көлемінде несие алу үшін әлеуметтік жәрдемақыны 2018-2019 жылы келген 7 жас маман алды.
2019 жылғы келген жас мамандар Жамбыл облысы әкімдігінің мақсатты трансферттер есебінен ауылдық жерде тұрақтандыру үшін берілетін 800,000 теңгені 14 жас маман алды.
– Пандемиялық инфекцияның екінші толқынына даярлық бағытында медицина қызметкерлерінің білімдерін үнемі жетілдіріп отыру жұмысы оң жолға қойылған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бас дәрігердің №214-Ө бұйрығына сәйкес медициналық қызметкерлерді КВИ жөнінде оқыту семинарлары өткізілді. С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ-ның бюджеттік 005 бағдарлама аясында 2020 жылдың қыркүйек айында «Аса қауіпті инфекциялар эпидемиологиясының өзекті мәселелері» атты бір апталық біліктілік арттыруға төрт дәрігер, 2020 жылдың 14-26 қыркүйек күндері «Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылауға кешенді қөзқарас» атты 2 апталық 10 дәрігер онлайн режимде біліктілік арттырып келді.
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің №03-05-262 02.09.2020 жылғы хаты негізінде бюджеттік 005 бағдарлама аясында өтетін 2020 жылдың 09-22 қыркүйек күндері «Денсаулық сақтау саласындағы статистикасының өзекті мәселелері» және «Инфекциялық бақылау және инфекцияның алдын алудың кешенді мақсаты» 108 сағат/2 апталық атты біліктілік арттыру үшін 19 дәрігер және 2020 жылдың 21-26 қыркүйек күндері «Иммунопрофилактика мен вакцинацияның өзекті мәселелері» 54 сағат/1 апталық атты 10 орта буын қызметкерлер онлайн режимде біліктілігін арттырды, – дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батихан Алпысбай.

Абылайхан Сәрсен,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close