Basty bet
Екі азаматшадан өтініш түскен
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, аудан әкімдігінің жанынан көмектің мұқтаждығы мен мөлшерін анықтайтын арнайы құрылған комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа аталған комиссияның мүшелері шақырылды.
Комиссия отырысын ашқан аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев аудан әкімдігінің жанынан көмектің мұқтаждығы мен мөлшерін анықтайтын арнайы құрылған комиссияға көмек алуға әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын екі азаматшадан өтініш түскенін айтты. Комиссия мүшелері көмек алуға өтініш білдірген азаматшаларға көмек беру керектігін айтып, отырыс соңында өтініш иелеріне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша қаржылай көмек көрсетілетін болып мақұлданды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі