Basty bet

32 нысан араланып, үш хаттама толтырылды

Ауданда індеттің алдын алу бағытында жұмыс жасауға арнайы мониторингтік топ құрылған. Аталған мониторингтік топ аудан тұрғындарымен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев бастаған мониторингтік топ рейдке шығып, тоғыз нысанды аралады. Рейд барысында жұмысшы топ тұрғындарға карантин талаптарын түсіндіріп, сақтық шараларын мықтап қолға алуды айтып өтті. Рейд жүргізілген әлеуметтік нысандарда карантин талаптарын бұзушылық анықталмағандықтан, хаттама толтырылмаған.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары Асхат Жабағы және Ернұр Қалмұрзаев бастаған мониторингтік топтар рейдке шығып, 16 нысанды аралады. Мониторингтік топ нысандарды аралау барысында карантин талаптарын қатаң сақталуын ескертіп, екі хаттама толтырған.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов бастаған мониторингтік топ та тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге сақтық шараларын ұстануды айтып, жеті нысанды аралады. Рейд барысында мониторингтік топ карантин талаптарын сақтамағандарды анықтап, бір хаттама толтырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close