Qoǵam
Сот жұмысының сапасын арттырады
Сот жүйесінде цифрландыру саласы қарқынды даму үстінде. Соттардың жұмысына озық ақпараттық технологиялардың енуі сот төрелігінің ашықтығын әрі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде. Бұл өз тарапынан қоғамның сот жүйесіне сенімін арттырады және айтарлықтай сот жұмысындағы қателіктерін төмендетеді.
Сот саласындағы цифрландыру жұмыстарының бірі судьяларда «Цифрлы көмекші» сервисі енгізілген. Ол жерде барлық сот істері базалық мәліметтерге енгізіледі, соттарда «SMART сот» жобасы жұмыс істеуде, ол азаматтық, қылмыстық істер бойынша жақтарға видеоконференцбайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік береді яғни «TrueConf» қосымшасымен смартфон арқылы қосыла алады.
– Қазіргі таңда күз айларында COVID-19 инфекциясын сот ғимараттарында жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында, аудандық сотта санитариялық қауіпсіздікті сақтау шаралары күшейтілген. Қылмыстық, азаматтық істер бойынша онлайн «WhatsApp» қосымшасы арқылы қаралуы жалғасуда. Бұл да цифрландыру жұмысының жетістігі.
Ақпараттық технологиялар бір орнында тұрмайды, озық технологиялардың күнделікті жаңартылып, жұмысымызға енуі біздің қызметте көп жеңілдіктерді ашады, уақытымызды үнемдеп, сот жұмысының сапасын арттырады, – дейді Жуалы аудандық сотының кеңсесінің бас маманы-сот отырысының хатшысы Дулат Досыбайлы.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»