Qoǵam

Діннің адам өмірінде алатын орны

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі «Жуалы ауданына білікті теологтар мен дінтанушыларды тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру, консультациялық, ағартушылық және оңалту жұмыстарын жүргізу» жобасының аясында Бауыржан Момышұлы ауылы әкімдігінің ғимаратында «Діни ақпараттық түсіндіру топтарының міндеттері мен кездесетін мәселелер» тақырыбында діни ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен семинар өткізілді.
Іс-шара діннің адам өмірінде алатын орны туралы толық ақпарат беру мақсатын көздеді. Шараны «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Қаныбек Мұратбаев ашты.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бақтияр Әміреев діннің адам өмірінде алатын орны және болашақ ұрпақты елін сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу тақырыбы төңірегінде әсерлі уағыз-насихат айтып, сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Дәстүрлі дінге деген көзқарасты өзгерту мақсатында радикалды ағымдар таратып жатқан уағыздардың зардабы мен нәтижесі туралы айтып, деструктивті ағымдардың шығу тарихын түсіндірді.

Көркем ӘЗІМХАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының І курс студенті

Таңдаулы материалдар

Close