El іshі
«Айгөлекке» – 10 жыл!
Біздің шағын орталығымыз осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектептің жанынан «Айгөлек» деген атпен ашылды. Шағын орталықта 10 қызметкер қызмет етеді. Шағын орталық 50 балаға арналып, барлық керекті құралдармен, ойыншықтармен жабдықталған. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, достыққа шақырып, олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасауда.
Осы уақыт аралығында қаншама бүлдіршіндеріміз мектепке алғашқы қадамын басты. Қазіргі таңда мектептің үздік, озат оқушысына айналып, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын, өз ойын жеткізе білетін азамат, азаматшалар болып қалыптасты.
Оның ішінде бірнешеуін атап өтсем: А.Базарбай, Ә.Мәден, Ж.Ахмет, Ұ.Ахмет, Ә.Ұлықпан, А.Мұңал, С.Болатбек, Д.Жасанбай, Г.Тағай, Н.Серік, Н.Айтуарова, М.Тұрсынбек, Т.Базарбек, Н.Абдыхамит, Ж.Дүйсенбай, Б.Айтуаров тағы басқалары мектеп мақтаныштары. Оның ішінде ерекше дарынымен көзге түскен Жасанбай Даниал қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегіне айналды.
Білікті басшы, білімді маман ретінде Гүлсара Омарбекова бізге кеңесін беріп, дұрыс бағытқа бейімдеп, ауызбіршілікте мектеппен қоса бізді басқарып отырған жайы бар.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жаста болса әдіскеріміз Нұргүл Ермекбаева өзінің білгендеріммен бөлісіп, тәрбиешілермен, басқа да қызметкерлермен ақылдасып, біркісідей бала тәрбиесіне атсалысады. Сонымен қатар, еліміздің болашағы саналатын кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеуде шығармашыл тәрбиешілер Рабиға Нүрпейсова, Кенжетай Көптілеуова, Назгүл Мұсабек, Дина Жалғасова, Мақпал Дүйсенбай еңбек етуде.
«Іш ауырса,тіс ауырса
Дәрігер дәрі береді.
Барлық бала, барлық ана,
Оны жақсы көреді»,- демекші, медбикеміз Гүлсара Жаңбырова бала денсаулығын бақылап, орталық жұмысының алға басуына өз үлесін қосуда.
Өзінің бал тамған шебер қолдарымен аспазшы Жаңыл Замбаева дәмді асын, тәттілерін жылы күлкісімен балаларға ұсынады.
Барлық балаларымыздың таза жүріп тұруына Сенім Байшуренова, Әсем Қаздаева жағдай жасап, өздерінің мейірімділігімен балаларды баурап алады.
Біздің мақсатымыз – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өз ойы мен пікірін ашық жеткізе алатын, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты, сауатты ұрпақтарды тәрбиелеу.
Егемен еліміздің ертеңін ұстар тәрбиелі азаматтарды оқытып, тәрбиелеу жолында барлық күш-жігерімізді салып, аянбай еңбек етуге дайынбыз.
Кенжетай Көптілеуова,
«Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешісі.
Нұрлыкент ауылы