Basty bet
Жарна мөлшері 176 млрд теңге
Мамыр айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд теңгеден асты.
2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта Қорға 176,7 млрд теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95 пайызы немесе 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 5 пайызыға жуығы немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Жамбыл облысынан түскен жарна көлемі жалпы түсімнің 2,9 пайызын құрады.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалатын болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы