Basty bet
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы Жуалы аудандық «Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде орын беру шарттары мен тәртібі және төлемінің мөлшері жайлы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сейкес аудандық «Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын мақала түрінде жариялайды. Үгіт-насихат материалдарын кандидаттардың өздері дайындайды.
Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:
1. Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, мерзімі, уақыты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидаттық куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.
Үгіт материалдарын жариялау тәртібі
Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісімшарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.
Сайлауалды үгіт 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 00.00-де аяқталады.
Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі
Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияға «Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің кезекті саны жарыққа шығардан үш жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса болуы керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмірі көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша нұсқасының біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.
Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.
Қызмет көрсету құны
– ішкі беттерде 1 (бір) шаршы сантиметрі 150 (жүз елу) теңге ҚҚС-сыз.
ПРАЙС-ПАРАҚША
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға баспасөз бетінен орын беру туралы
«Jańa ómir-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті (D2 пішінде; шығу жиілігі аптасына 2 рет: сейсенбі, жұма күндері; тілі: қазақ, орыс, бір реттік таралымы 3237).
Газетте материалдарды орналастыру бағасы:
1 (бір) шаршы саниметр үшін 150 (жүз елу) теңге ҚҚС-сыз.