Basty bet

Бар бақыттың бастауы – баладан

Биылғы жылы елімізде өтіп жатқан коронавирус індетіне байланысты карантин талаптарының күшейтілуіне орай жыл сайынғы дәстүрлі Президент және облыс әкімінің балаларға арналған жаңажылдық шыршасы онлайн өтті.
Яғни, 24-25 желтоқсан күндері онлайн форматта өткізілген «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты шыршаға ауданымыздың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының 14 баласына мектеп директорлары Президент және облыс әкімінің құттықтауларын оқып, сыйлықтарын табыстады. Атап айтқанда, Президент шыршасына тоғыз бала, облыс әкімінің шыршасына бес бала қамтылды. Президент шыршасының сыйлығында 120 мың теңгелік сертификат, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған кітап, тәттілерден сыйлық және Президенттің құттықтау қағазы бар. Сондай-ақ облыс әкімінің сыйлығына 60 мың теңгелік сертификат пен тәттілерден сыйлық және облыс әкімінің арнайы құттықтау қағазы салынған.
Ал, аудан әкімінің сыйлығы осы санаттағы 100 балаға таратылды. Яғни, 100 балаға қыстық сырт киім, мектеп сөмкесі қажетті оқу құралдарымен, тәттілерден сыйлық пен аудан әкімінің құттықтау қағазы.
Аудан әкімінің балаларға арнаған жаңажылдық сыйлығын өңір басшысы Нарбай Ергебеков өзі бастап бірқатарына таратты, қалған балаларға мектеп директорлары арнайы тапсырды.
Сыйлыққа ие болған бүлдіршіндердің көңілдері көтеріліп, жүздеріне қуаныш ұялады.

Аудан әкімдігінің білім бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close