Basty bet

Атқарылатын жұмыстар пысықталды

Кеше аудан әкімі Н.Ергебековтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде ауданның алдағы 5 жылдағы даму жағдайы қаралды.
Аудан басшысы экономикамыздың 60% құрайтын ауылшаруашылығы және 20% пайызын қамтитын өнеркәсіпті дамытудың маңыздылығына тоқталды. Бұл тек өнімді еселеу ғана емес, жаңа жұмыс орындары екенін баса айтты.
Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының жалғасатынын жеткізді. Ауданда ауызсумен және табиғи газбен қамту жұмыстарын әлі де ширата түсудің қажеттілігіне тоқталды. Сапалы ауданаралық жолдың үлесі 90% құраса, сапалы ауылішілік жол үлесі 64% көрсетіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды да аяқтау межеде бар екенін жеткізді.
Халықты бұқаралық спортқа тарту үшін спорт алаңшаларын салу жайы да сөз болды. Жалпы жиында биылғы жылдан бастап атқарылатын жұмыстар пысықталып, межелер нақтыланды.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close