Basty bet
Орталық қызметкерлерімен кездесті
Ауданымызда ҚР “Жастар саясаты туралы» Заңының жүзеге асыру аясын кеңейту мақсатында және қазіргі таңда “Жастар ресурстық орталығының” жұмыс жасау ыңғайлылығын ескере отырып жыл басында әкімшілік тарапынан өз алдына жеке ғимаратпен қамтамасыз етілген болатын.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаев аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің ғимаратының жай-күйімен танысып, мекеменің жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында Ернұр Маратұлы мекеменің өткен жылы жеткен жетістіктеріне тоқталып, жастарға алғысын білдірді. Сонымен бірге үстіміздегі жылға арналған жұмыс жоспарымен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ ғимартқа қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу және ғимараттың айналасын абаттандыру туралы жоспарларын пысықтады.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі