Basty bet

«Ерлік даңқы – мәңгілік!»

№1 Өнер мектебінде «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің «Ұйымдастару және бақылау» бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлері мен жастар арасында аталған тақырыпта кездесу өтті.
Шараның мақсаты – Ауған соғысының тарихи-мағыналық ақиқатын ашу, интерноциолист жауынгерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ардагерлерге құрмет көрсетуді насихаттау.
Шара Ауған соғысында қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Кездесуді «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов ашып, шараға қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, соғысты бастан кешкен жауынгерлерге алғыс білдірді. Әлемде ешқашан соғыс болмауын, бейбіт күннің көп болуын тіледі. «Бейбітшілік туы мәңгілік желбірей берсін» деп жастарды әр нәрсеге байыппен қарауға, бейбітшілікті сақтауға, Отан алдындағы борышын адал орындауға шақырды.
Аталған шараға аудандық мәслихаттың депутаты Ерғали Тілеубеков, «Ауған соғысы ардагерлері» ұйымының төрағасы Мақсатбек Әбдібеков және әлеуметтік желі қолданушы жастар, жастар ісі жөніндегі инспекторлары қатысты.
Алғашқы сөз кезегі Ауған соғысының ардагері, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Өтемісұлына берілді. Ол өз сөзінде жастарға Ауған жерінде болған қиыншылықтар және естеліктермен бөлісіп, жастарды Отанын сүюге, құрметтеуге және қорғауға шақырды.
Одан кейін аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» ұйымының төрағасы Мақсатбек Әбдібеков сөз алып, от пен оқтың арасында болған оқиғаларды әңгімелеп, жастарды рухты, намысшыл болуға шақырды.
Кездесуде ашық және еркін форматта сұрақ-жауап алмасып, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар айтысында І орын алған Нұрлыкент ауылының тумасы Санжар Даярбек ардагерлерге арнау жолдады.

Аудандық жастар
ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close