Basty bet

Қоғам болып қарсы тұруымыз қажет

Жемқорлық әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде қоғамның рухани және құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың әділдігі мен тәуелсіздігі жемқорлықтың алдын алу мен оны болдырмаудың маңызды тетіктерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлық айналасындағы саламатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттерімен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі өз қолымызда.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өтеу жауапты да маңызды шара. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ең бастысы отбасынан, әр адамның санасын оған қарсы тәрбиелеуден бастаған абзал. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің жетістіктерін жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін індет. Содықтан біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіргенде ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін азаматтардың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі ол – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені анық.

Жанәділ Рахымбердиев,
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы

Таңдаулы материалдар

Close