Basty bet

Жаңа пішіндегі көмекті түсіндіру

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мұқтаждық белгісінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.
Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
АӘК тағайындау және көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгеннен кейін көмек мөлшері былайша есептеледі:
– әр баланың, оның ішінде білім алушының күндізгі оқу нысаны бойынша кәмелетке толған соң аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа дейін) атаулы әлеуметтік көмектің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызға төмен емес мөлшерін құрайтын болады;
– отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма түрінде есептелетін болады.
Ерназар Кесікбай,
аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік
жұмыс жөніндегі консультанты

Таңдаулы материалдар

Close