Ádebıet
Сарбаздар ақынның шығармашылығымен танысты
Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапханасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр дүлдүлі» атты тематикалық кеш өтті.
Шараға тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы, 2-дәрежелі капитан Е.Рафиков және қатардағы жауынгер Асылжанбек Бердібекұлы қатысып, жауынгерлер Шалқар Болатұлы, Арсен Марленұлы, Нұржан Сәбитұлы, Жанат Бағланұлы, Азамат Исаұлы және Андрей Иванович белсенді түрде атсалысты.
Шараның мақсаты – жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Әскери қызметкерлер, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақынның өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
Кеште «Жыр дүлдүлі» атты кітап көрмесі әзірленіп, өлеңдер, көптеген мерзімді басылым беттерінен мәліметтер қойылды.
Кеште жауынгерлер қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихына өлшеусіз үлес қосқан суырыпсалма ақын, жыршы, өлең сөздің дүлдүлі атанған Жамбылдың өмірімен, шығармашылығымен таныс болды. Жар алыбы Ж.Жабаев 1846 жылдың ақпан айында Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келгендігі, сөз бен өнер қадірін білетін отбасында туған Жамбылдың арғы аталары шешен, өнерлі болғандығы, домбыраны он екі жасында тартып үйренгендігі туралы және тағы да басқа мәліметтер берілді.
Камила Әбсеметова,
Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапханасының меңгерушісі