Qoǵam

Кодекс талаптарын сақтау – басты міндет

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес олардың моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлықтар стандарттары белгіленген. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі 5 тараудан тұрады. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қатынастардағы және одан тыс уақыттағы, яғни, көпшілік алдында, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеу кезіндегі стандарттары қарастырылған.

Соның ішінде мемлекеттік қызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына тоқталатын болсақ:
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке нұқсан келтіруге әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтардың құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауына жол бермеуге тиіс.
Сондықтан, жоғарыда аталған кодекстің талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметшілер жоғары лауазым иесі екенін дәлелдеп, барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін кәсіби қызметке жұмсап, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігін арттыруға арнауымыз қажет. Осыған байланысты Жамбыл облысының Жамбыл ауданаралық әділет басқармасында ағымдағы жылға әдеп кодексі талаптарының сақтауы, құқықбұзушылықтың алдын алуына бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілген. Онда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, шектеулері және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы және еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелер, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары бойынша атқарылатын іс-шаралар қаралған.
Сонымен қатар, басқарма басшысының жеке қабылдау жұмыстарының қорытындысымен басқарма қызметкерлерімен әділет органдарына қатысты мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп тұрады. «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының қағидалары мен талаптары жазбаша нысанда таныстырылды және басшылық тарапынан үнемі бақылауда.
Басқармада жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқарма басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында басқарма басшысы мен орынбасарының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігі жұртшылыққа қолжетімді, басқармаға кіре беріс жерге орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі туралы стенді әзірленіп, басқармада көпшілікке көрінетін жерге ілінген.
Назира Құлманова,
Жамбыл ауданаралық әділет
басқармасының басшысы.
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

Таңдаулы материалдар

Close