El іshі
Берілмейік індетке!
Жайма-шуақ жадыраған жаз шықса,
«Бір жеңнен қол, бір жағадан» бас шықса.
Сақтанғанды сақтар болса құдайым,
Күннен-күнге дертті жандар аз шықса.
Деген тілек осы күнде миымда,
Аз барайық той-думанға, жиынға.
Вакцинаны біркісідей салдырсақ,
Мұны орындау адамзатқа қиын ба?
Кірісейік жұдырықтай жұмылып,
Тырысайық түсінуге мұны ұғып.
От пен оқтан қаймықпаған қазағым,
Қиындықтан шығар әлі-ақ құтылып.
Бірге болып берілмейміз індетке,
Уақытты созбаймыз да тым көпке.
Сақтық шара қолдануды бұлжытпай,
Бәрің бірдей өзіңді-өзің міндетте.
Айналайын, қайсар халқым қазағым,
Шын жүректен осы арнауды жазамын.
Жақсы күндер жақын қалды жандарым,
Бұл күндердің ұмытуға азабын.
Жеміскүл Ілгербаева,
ардагер ұстаз.
Қызтоған ауылының тұрғыны