Basty bet
Қызыларық ауылдық округі әкіміне үміткер Е. Сүгірбековтың ҮНДЕУІ
Елімізде ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау туралы заң күшіне енді. Бұл мәселе туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа Жолдауында айтқан болатын.
Ауыл әкімдерін тікелей сайлау демократиялық өзгеріске жол ашады деп есептеймін. Яғни, бұл сайлау арқылы елдімекеннің ерекшелігі мен ахуалынан хабардар үміткер ғана ауылды дамытуға үлес қоса алады.
Сондықтан мен тікелей сайлауға қатысуға шешім қабылдап, бұрынғы тәртіппен өтетін сайлауға қатысудан өз еркіммен бас тарттым.
Себебі, мен де алдағы елдімекендердің тұрғындарының таңдауымен өтетін ашық сайлауға қатысып, бағымды сынағым келеді. Жеңіске әділ жолмен жетіп, ауылды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді.Тікелей сайлау-демократиялық өзгерістердің алғышарты деп есептеймін.
Бұл сайлау ауыл тізгінін ұстайтын болашақ әкімге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сол жауапкершілік үдесінен шығу үшін ел сеніміне ие болғым келеді.