Basty bet

Жеңіске толы жыл

Жақында ғана ұжымымыз аудан әкімі Нарбай Ергебековтың қолдауымен 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтойға ауданымыздан түлеп ұшқан, бүгінде елімізге танымал жазушы-журналистер қара шаңырақтың торқалы тойында бас қосып, естеліктерімен, қуаныштарымен бөлісіп, бір-біріне деген ыстық ықыласын білдіріп, сый-сияпатын тапсырып, қуанышқа кенелді. Ұжым мүшелері аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Nur Otan» партиясының Құрмет грамотасы мен Алғысхаттарымен марапатталды. Бірнеше мекемелердің Алғысхатымен, Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының, республикалық «Құқықтық Қазақстан» газетінің, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі журналист Мырзахан Ахметовтың Алғысхатына да ие болды.
Мереке қарсаңында редактордың орынбасары Перизат Шымыртайқызы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты облыстық байқауда жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Үздік мақала» номинациясы бойынша 17 үміткер қатысқан байқауда үздік үштіктің қатарынан көрінген журналист облыстық тілдерді дамыту басқармасының ІІІ дәрежелі дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Ал, 28 маусым – Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары күні Тараз қаласында өткен мерекелік жиында газеттің тілшісі Нұржан Манасұлы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қолынан Алғысхат пен ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге газеттің бөлім меңгерушісі Гүлмира Дембаева Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Дәл осы күні «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Дембаева қатысқан «Ең үздік кәсіподақ ұйымы» атты республикалық байқау өз мәресіне жетіп, І орынды жеңіп алды. Бұл қуанышты хабар Өскеменде өткен кәсіподақ ұйымының жастар форумында жарияланды. Марапаттау рәсімі қараша айында жылдың қорытындысына арналған конференцияда болады. Қуаныштың артынан іле-шала тағы қуаныш – кәсіби мерекемізге орай Тараз қаласында журналистер арасында бильярд ойынынан өткен жарыста редакторымыз Берік Жұмабайұлы І орынды жеңіп алды.
Жеңіс, марапат барлығы ұжымның ұзақ жылғы жемісті еңбегінің нәтижесі. Еңбек әрқашан еленіп, лайықты бағасын ала берсін!

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close