Basty bet

Елге сіңірген еңбегі елеулі

Өткен жұмада 30 жыл мемлекеттік қызметте табысты еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Уркумбаев зейнет демалысына шықты. Әбдікерім Құлтайұлы жалпы 40 жылдық еңбек өтілінің 30 жылында мемлекеттік қызметті абыроймен атқарды.

Аудан әкімі Олжас Қаржауов Әбдікерім Құлтайұлын зейнетке шығуымен құттықтап, еткен еңбегіне алғысын білдірді. Сонымен бірге әлі де ауданымыздың дамуы жолында тәжірибесімен бөлісетініне сенім артты.
Шара барысында сөз кезегін алған аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жарас Мұратай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нарбай Ергебеков, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Мырзайым Тойшыбеков, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рақымғазы Құниязов та жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар әріптестерінің іскерлік, адамгершілік, кісілік қасиеттерін айтып, деніне саулық тіледі.
Әбдікерім Құлтайұлы да өзінің еңбек жолына қысқаша тоқталып, әріптестерінің сый-құрметіне алғысын жеткізді.

“Жаңа өмір” ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close