El іshі
Толық емес отбасы баспаналы болады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Ақтөбе ауылдық округінің Ақтоған ауылында Дамир Надыршинге арнап салынып жатқан тұрғын үйдің құрылысы бүгінде 68 пайызға орындалған.
Ауылдық округ әкімі аппаратының мәліметінше, құрылыс жұмыстарын жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
– Қазіргі таңда үш бөлмелі тұрғын үй толығымен тұрғызылып, есік-терезелері салынған, іші-сырты сыланып, әктелген, жылу жүйесі жүргізілген. Құжаттарын заңдастыруға, электр желісіне қаржы жинақталуда. Жалпы аумағы 64 шаршы метрді құрайтын баспана іске қосылғанда,оған толық емес, әлеуметтік аз қамтылған Надыршиндер отбасы иелік ететін болады, – дейді ауылдық округтің әкімі Көбейсін Хайралапов.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»