El іshі

Көшеге асфальт төселді

Ақсай ауылдық округінің Қайрат ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне асфальт жамылғысын төсеу көше тұрғындарының көптен бері атқарушы билік органдары алдына қойып келе жатқан мәселе еді. Міне, таяуда бұл мәселе оң шешімін тапты.

Аудан бюджетінен бөлінген 11 миллион 424 мың теңгеге тараздық «Жарқынбек» ЖШС мердігер болып танылып, маусым айының басында іске кірісті. Ұзындығы 850 метрді құрайтын көше жолы бас-аяғы 20 күннің ішінде толығымен асфальтталды.
– Біз көшені асфальттау барысында оның сапасын үнемі бақылауда ұстадық. Ауылдық округтің жергілікті қоғамдастық мүшелері де өз тарапынан қоғамдық бақылау ұйымдастырып, құрылыс жұмыстарының нормаға сай сапалы атқарылуын қадағалады. Қазір орта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау рәсімі жүргізілуде. Шартқа сай үш жыл мерзімге кепілдік бар. Сондықтан мердігер тарапынан кеткен кемшілік болса, оны түзетуге әлі мүмкіндік бар, – дейді ауылдық округ әкімі Қазыбек Бейсеқұлов.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close