El іshі
Мемлекеттік қызметшілер жарысқа түсті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан аудандық жарыс болып өтті.
Жарыстың мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамытып, оларды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға, қызметшілер арасында достық қатынасты нығайту.
Жарыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Жарқынбек Шоғалов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жарыстың мәні мен мақсатын түсіндіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Содан кейін, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, ардагер Рақымғазы Құниязов сөз алып, спорт пен еңбек егіз екенін айтып, жұмыспен қатар спортты да жанына серік етудің маңыздылығына тоқталды.
Аяқдоп бәсекесіне бес команда қатысты. Олар айналмалы жүйеде ойнады.
Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды аудан әкімінің аппараты командасы қанжығасына байласа, екінші орынды аудан әкімдігінің құрылыс, ТҮКШ, ЖК және АЖ, қаржы және экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің құрама командасы еншіледі. Ал үшінші орын Жуалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының командасына бұйырды.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен медальдар және арнайы кубоктар табысталды.
Аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы» КММ