Qoǵam

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕйік

Елімізде қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық ахуал бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Қазіргі таңда коронавируспен күресудің бірден-бір әрі сенімді жолы вакцина салу міндеті тұр. Қиындықтан шығу жолын ертерек ойластырған өзге елдердің тәжірибесі де дәлелдеді. Мәселен, Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктерінде вакцина салдырудан көш басындағы елдерде білім, туризм, сауда, шағын және орта бизнес секілді түрлі салалардың жұмыстары қайта жанданып отыр. Коронавирустың жаппай таралуын ауыздықтай алды. Экономиканың қайта қалпына келуін қамтамасыз етті. Сондықтан бізге пандемияға қарсы күресте және вакцина салу кезінде осы елдің ұтымды тәжірибесін ескергеніміз жөн.
Қазақстан азаматтарының індетке қарсы иммунитетін көтеру жұмысы туралы тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әуелі өзімізді, ата-ана және жақындарымызды қорғау үшін вакцина салдыруға шақыру керек. Бұл – біздің азаматтық парызымыз.
Қазіргі күнде бұл індeтке жауапкершілікті сезінбей, бей-жай қарауға болмайды. Індeт жұқтыpғaн aдaмдapдың caны дa көбейіп, aуpухaнaлap нaуқacтapғa лық тoлуда. Бұл індeттің кecіpі біpaз ғалымдарды, белгілі азаматтарды да opтaмыздaн aлып кeтті. Еліміздегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты өз мәлімдемесін жасаған болатын. Кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс екенін айтты. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Біраз қызметкерлер, аймақтық имамдар індетке қарсы екпе салдырып жатыр. Мамандардың сөзіне құлақ асып, денсаулық үшін маңызды деген соң осындай қадамға барып отырмыз» деген ойын білдіріп өтті.
Қасиетті Құран кітабының «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар» деп бұйырған. Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет. Ал, ардақты Мұхаммед Пайғамбар өз сөзінде: «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты. Бір дерттің ғана дауасы жоқ, ол – кәрілік» деп өсиет қалдырған. Ислам дінінде адамның иммунитетін күшейтетін дәрумендерді қабылдауға, қолдануға тыйым салынбаған. Ал вакцина болса аурулардың уыттылығын әлсірететін, оған қарсы иммунитетті күшейтетін препараттардың бірі болып табылады. Әлемдегі індетке байланысты Мысырдағы әл-Азһар Ислам университеті жанындағы ғұламалар кеңесі, Ислам Конференциясы Ұйымына қарасты Ислам фиқһ кеңесі ғұламалары, Марокко мен Сауд Арабиясы корольдігінің ғалымдар кеңесі түрлі жұқпалы аурулардан сақтану үшін вакцинациялық екпеге жүгінуге болады деп пәтуа шығарған. Аталған діни мекемелердің ғалымдары хадистерге жүгінген.
Әрбір адам өз денсаулығына аса мән беру қажеттілігі турасында қазақ халқының даналығында: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек. Қазақ жеті жұттың біріне індетті де жатқызған. Кезінде шешек, тырысқақ, оба, сүзек ауруларынан талай адам қырылғаны тарихтан белгілі.
1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер бірінші рет «вакцинация» сөзін енгізіп, сиыр шешегіне қарсы екпе жасаған. Кейін желшешек, қызамық, қызылша, туберкулез сынды бас-аяғы 40-тан астам жұқпалы ауруға қарсы 100-ден аса вакцина шығарылды. Содан бері жер шары тұрғындарының көзі ашылып, талай аурудан аман қалды. Осыдан 30-40 жыл бұрын іш сүзегінен, қызылшадан балалар өлімі жиі болса, қазір бұл жөнінде сирек еститін болдық. Мысалы, туберкулез – ең көп таралған ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жер шарындағы халықтың үштен бір бөлігі құрт ауруын жұқтырған. Жыл сайын әлемде туберкулез жұқтырған 4 млн. адам тіркелсе, осы жұқпадан 3 млн. адам қайтыс болады екен. Ауа арқылы жылдам таралатын дерт балаға өте қауіпті. Сондықтан елімізде жаңа туған сәбиге үш күннің ішінде туберкулезге қарсы екпе салынады. Бұл жас ағзаны ауруды жұқтырудан және туберкулездің бүкіл ағзаға таралатын ауыр түрінен қорғайды.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустық (COVID-19) инфекциясына қарсы отандық вакцинасын жасау міндетін қойды. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты екі айдан астам «QazVac» вакцинасын жасап шығарды. Бұл – біздің ғалымдарымыздың еңбегі екені сөзсіз.
Көрші елімізде Ресей Федерациясының мұсылмандар діни басқармасы және вакцина жасайтын ғылыми институты өкілдері бірлесе отырып, коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасына қатысты теологиялық-құқықтық шешімін шығарды. РФ МДБ төраға орынбасары И.Аляуиддинов: «Әзірлеушілерден жауап келді. Шошқа желатині жоқ, адамның құрамдас бөліктері (жасуша сызықтары) де жоқ. Бір қарағанда, біз ислам тұрғысынан тыйым салынған нәрсе жоқ деп айта аламыз» деп өз пікірін білдірген болатын. Ал, Қазақстандағы барлық вакциналар арасында “Спутник V” вакцинасы барлық кезеңінен өтіп және ең жақсы тиімділігін көрсетті. Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларуссия, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда.
Сондықтан тиімді вакцина болса, неге өзімізді екпе арқылы аурудан қорғап қалмасқа?! Әлемде вакцина алуға қауқары жетпей, тұрғындарын түрлі аурулардан қорғай алмай отырған елдердің де барын ұмытпаған жөн.
Сoндықтaн қaуіпті індeттeн қopғaнуғa, мeмлeкeт тapaпынaн жacaлынып жaтқaн жұмыcтap мeн бeлгілeнгeн дәpігepлepдің ecкepтпeлepін мүлтікcіз opындaуғa мүддeлі бoлғaнымыз aбзaл.

Бахтияр Алпысбаев,
дінтану орталығының жетекшісі, дінтанушы

Таңдаулы материалдар

Close