Qoǵam

Санитарлық талапты қатаң сақтайық!

Соңғы мәлімет бойынша, ауданда 15 473 адам екпенің бірінші компонентін, ал 11 530 адам екпенің екінші компонентін алды. Бұл пайыздық көрсеткішпен санағанда I компонентте – 67,0%, II компонентте – 49,9% құрайды. Бүгінгі күні вакцина салғызғандар тарапынан денсаулығында кері әсері болып, шағым келтіргендер жоқ.
Ауданда індетке қарсы вакцинаның қалған бөлігі «Спутник V» екпесінің I компонентін 1615 доза, «QazVac» екпесінен 12 доза бар. II компонентінен «Qaz Vac» 32, «CoronaVac» 47, «Hayat Vax» 126 және «СпутникV» вакцинасының 2015 дозасы бар. Қазіргі таңда, екпе ауданымызда қарқынды жүргізілуде.
Коронавирустық инфекцияны жеңудің бірден бір жолы – екпе екені айтылып, жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Екпенің маңыздылығы халықтың 60-70 пайызын қамтитын болса, індетке қарсы иммунитет қалыптастыратындығында.
Өздеріңізге белгілі, екпеден соң жасалатын шаралар туралы әлеуметтік желілер мен аймақтық дәрігерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Пандемияның өршіп тұрған шағында арқаны кеңге салып, «Мен екпе салдырып алғанмын», деп бетпердесіз, санитарлық талаптарды сақтамай, алаңсыз жүруге болмайды.

Енді COVID-19-ға қарсы вакцина қалай жүргізілетініне тоқталсақ

Екпені тұрғылықты жері бойынша емханада немесе шақырту бойынша екпе жасау пунктіне және орталық базарда орналасқан жылжымалы медициналық кешенде салдыруға болады. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек. Сонымен қатар, екпе алдында медицина қызметкерлері сізден сауалнама алып, ерікті ақпараттандырылған келісім парағын толтыртып, вакцинациялау туралы жадынама беріледі.
Вакцинациядан кейін 30 минут дәрігердің бақылауында боласыз. Індетке қарсы екпенің екі компоненті бар, яғни екпе екі рет салынады. Бірінші вакцинациядан кейін 21 күн өткен соң екінші екпені алу күні, уақыты туралы ұялы телефоныңызға хабарлама келеді. Қазіргі таңда осы хабарлама бойынша тұрғындар арасында түсінбеушілік орын алуда. Айта кететін жайт, аурухана ұжымы СМС хабарламаның келу-келмеуіне жауапты емес. Себебі, ұялы телефон нөмірі 1414-ке тіркелген кезде ғана хабарлама барады. Сондай-ақ, Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша 45-90 күнде екпенің екінші компоненті салынуы қажет, бірақ 21 күннен соң өз еркімен келіп екпені алуына болады. Вакцинация жүйесі бойынша “45 күннің ішінде екпенің екінші компонентін салдырасыз” деп СМС хабарлама жіберіледі.

Гүлбақыт МӘУЛЕНБАЙҚЫЗЫ,
аудандық орталық аурухананың
БАҚ және қоғаммен байланыс маманы

Таңдаулы материалдар

Close