Basty bet
ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ҚАЖЕТ
Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның отырысы өткізілді.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтікэкономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның отырысын аталған комиссия төрағасының орынбасары Анар Ахметова ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, отырысқа аталған комиссияның мүшелері шақырылды. Жиынның күн тәртібінде Көлбастау ауылының тұрғыны Г.Есеналиеваның ағымдағы жылдың 25 тамызындағы жазған өтініші аудандық үш жақты комиссияның отырысында қаралды. Отырысты комиссия төрағасының орынбасары Анар Ахметова сөз сөйлеп ашып, комиссия мүшелерін Г.Есеналиеваның өтінішінің мазмұнымен таныстыра келе, сөзді өтініш иесіне берді. Өтініш иесі Г.Есеналиеваның айтуынша, ол 2019 жылы аудан орталығында ашылған «Жуалы» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығына аспаз болып жұмысқа қабылданған екен. Аталған мекемеде үстіміздегі жылдың тамыз айына дейін жұмыс жасап келіп, мекеме басшысы оны әртүрлі себептермен жұмыстан босатқан. Осының салдарынан жұмыскер мен жұмыс беруші мекеме меңгерушісінің арасында түсініксіз еңбек дауы орын алған екен. Алайда жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында ешқандай еңбек шарты жасалмаған болып шықты. Жұмыскер Г.Есеналиева айлық жалақысын қолма-қол алып отырғанын айтады.
Бұл жөнінде «Жуалы» мүмкіндігі ш е к т е у л і б а л а л а р д ы о ң а л т у орталығының меңгерушісі Дамира Мұхаметқали да мекемеде орын алған еңбек дауы туралы түсінік берді. Комиссия отырысының мүшелері жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы орын алып отырған даулы мәселені жан-жақты қарап, талқылай келе, екі тараптың да заң талаптарын бұзып отырғандарын жеткізді. Сондықтан екі тарапты да өзара мәмілеге келуге шақырды. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтікэкономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның отырысын қорытындылаған комиссия төрағасының орынбасары Анар Ахметова, қандай да бір мекемеде заң талаптарын бұзған мұндай еңбек дауларына жол берілмеуі қажет екенін баса айтып, еңбек қатынастарын реттеу үшін ең алдымен жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында міндетті түрде еңбек шарты жасалуы қажет екенін еске салды.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»