Basty bet
ЖОЛ ЖАМАН БОЛСА, АТАҢ ДА СҮРІНЕДІ, АТАН ДА СҮРІНЕДІ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әлауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты мамандарының мәліметінше, 2021 жылы жалпы 378 886,2 мың теңге қаржыға 13 көше 15 шақырым автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 234 816,2 мың теңге бөлінген қаржыға 13,153 шақырым автомобиль жолдарына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылындағы ұзындығы 1 , 1 0 7 ш а қ ы р ы м д ы қ ұ р а й т ы н Е.Сауранбекұлы көшесіне 17 276,7 мың теңге қарастырылған. Мердігер мекеме «ТехСтрой Инжиниринг» ЖШСмен келісімшарт жасалынып, бүгінде жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар ұзындығы 1 шақырым Тәуелсіздік көшесіне 28 701,7 мың теңге бөлініп, мердігер «Жарқынбек» ЖШС-мен келісімшарт жасалынып, жұмысқа кіріскен. Одан бөлек, Көлбастау ауылындағы Б.Момышұлы көшесінен Байтоқов көшесіне дейінгі тұйық көшені, Ковешников көшесі мен Б.Майлин көшесінен Байтоқов көшесіне дейінгі тұйық көшеге 59 976,3 мың теңге қаржы бөлінді. Ұзындығы – 3,41 шақырым. Мердігер мекеме ретінде «Жамбыл Дормострой сервис» ЖШС анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, Көлбастау ауылының Б.М айлин, Байтоқов, Рысбеков көшелерін жөндеуге 65 614,3 мың теңгеге, ұзындығы 3,9 шақырым көше жолы жөнделмек. Сондай-ақ, Шақпақата ауылындағы Қ.Тұртаев көшесіне 31 743,3 мың теңге қарастырылып, мердігер анықталып, ж ұ м ы с т а р б а с т а л д ы . Ш а қ п а қ станциясындағы ұзындығы 1,438 шақырым Шақпақ көшесіне 21 191,4 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта мердігер «Жарқынбек» ЖШС-мен келісімшарт жасалынып, өз жұмысын жүйелі жүргізуде. Теріс ауылы маңындағы ұзындығы 0,59 шақырым Баркуаб қалашығына кіреберіске 10 312,5 мың теңге қарастырылған. Мердігер мекеме «Элит» ЖШС-нің қатысуымен келісімшарт жасалынып, өз жұмысын бастап кетті. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында да қарқын алып отыр. Атап айтар болсақ, жергілікті бюджеттен 116 073,0 мың теңге қаржы қаралып, оған Б.Момышұлы ауылындағы Рысбек батыр көшесіне 56 132,0 мың теңге, Б.Сафинов көшесіне 59941,0 мың теңге бөлініп, ұтып алған мердігер «Айя сервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалынып, жұмыстар басталды. С о н ы м е н қ ат а р , Ш а қ п а қ ат а ауылындағы 1,7 шақырымды құрайтын Оразбаев көшесіне тиісті қаржы қаралып, жұмыстар толық аяқталып отыр. «Жол қадірін жүрген біледі», деп дана халқымыз тектен-текке айтпаса керек. Жыл басынан бері ауданда бірнеше шақырым жолдар жаңартылып, жаңа асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жүретін жолдар салынып, арықтар жаңартылып жатыр. Бұл тұрғындар үшін қуанышты жайт. Соның бірі Б.Момышұлы ауылындағы Тәуелсіздік көшесінің бойында арықтар жаңартылуда. Осы ретте біз Тәуелсіздік көшесіндегі жөндеу жұмыстарын өз көзімізбен көріп, тұрғындармен тілдесіп келген едік. Тұрғындардың да өз айтары бар екен. – Бұл ауылда 1995 жылдан бері тұрамыз. Бүгінде көшеміздің бойындағы арықтар қайта жаңартылуда. Алайда кемшін тұстары да бар. Біріншіден, жұмысшылар жұмыс жасау барысында көшеге су сеуіп жасауы керек, себебі үйімізге күнде шаң кіріп, әбігерге салуда. Тағы бір айта кететін жайт, қыстың күні ылғи да талай көліктің арыққа байқаусызда түсіп кетіп, дөңгелектерін шығара алмай әбігерге түсетінін, осының салдарынан көліктердің бұзылатынын көріп жүрміз. Тым құрыса арықтың бергі бетіне белгі немесе арықтың бар екенін көрсететін жиекшелер орнатылса дұрыс болар еді. Айта кететін тағы бір маңызды мәселе, Тәуелсіздік көшесінің бойынан салынып жатқан арықтар көшенің арғы бетінен емес, бергі бетінен, яғни батыс беткейінен салынуы керек, деп есептеймін. Өйткені көктем мен күзде жаңбыр жауса да, сел ақса да су бергі беттен ағады. Себебі, көшенің шығыс жағы қырлау болып келеді. Көше тұрғындары да мұны жақсы біледі. Сондай-ақ, арықтың ішіне ылғи қоқыс қалдықтары толып қалатыны тағы бар, – дейді ауыл тұрғындары Ілияс Рамазанов және Ғалия Иманалиева. Иә, ауыл тұрғындарының көтерген бұл мәселесінің жаны бар. Қомақты қаржы бөлінгеннен кейін, жұмыстың жан-жақты зерделеніп, толыққанды аяқталғаны дұрыс-ақ. Жалпы, бұл мәселе бойынша көшенің қай тұрғынынан сұрасақ та, барлығының пікірлері бір-біріне ұқсас болды. Мұндайда, жауаптылар халық үніне құлақ аспай қайда қараған деген ойға еріксіз берілесің?! Тұрғындардың пікірінен кейін жауапты бөлімнің жауабын тыңдау үшін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына барған едік. Алайда бөлім басшысы Ерболат Сейітбековті денсаулығына байланысты себеппен жұмыс орнынан таба алмай, мамандарынан нақты жауап ала алмадық. Жүргізушілер мен жолаушылардың бүгінгі мұң-мұқтажы мен талабын іске асыруда қыруар қаржы бөлініп, көптеген жұмыс қолға алынғанын байқап жүрміз. Оның соңғы нәтижесінің қалай болатынына осы бастан назар аударылып, құрылысты жүргізетін мердігерлердің жұмысына нақты бақылау жасалса, әрине жоғарыдағы кемшіліктер орын алмас еді. Әлі де болса, жұмыс барысының жете қадағаланғаны дұрыс.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»